Сантьяго-де-Компостела университеті профессорларының Elba (Erasmus+) жобасы аясындағы тренингтері
2022 жылғы 6-9 маусым аралығында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Elba (Erasmus+) жобасы аясында деректерді талдау бойынша семинар өтті. Испаниядан келген қонақтар ХАТУ вице-ректорлары Аққыз Мустафина мен Нұржан Дүзбаевпен кездесіп, онда ХАТУ-да «Үлкен деректерді талдау» бағытын дамыту жоспарларын талқылады.
«ХАТУ» АҚ ректоры Асқар Хикметовтің айтуынша: «Жергілікті нарықтың үлкен деректерді талдау мамандарына деген қажеттілігі өте жоғары. IT мамандарын, дата аналитиктерді, журналистерді, қаржыгерлерді даярлайтын ХАТУ кең ауқымды мамандар арасында мұндай дағдылардың сұранысқа ие болуына және қазақстандық еңбек нарығында кәсіпқойлардың тапшылығына байланысты барлық білім беру бағдарламаларына деректерді талдауды енгізді».
Бір апта бойы Сантьяго-де-Компостела университетінің (Испания) оқытушылары Ансельмо Томаз Фернандес Пенья мен Дэвид Энриге Лосада Каррил ХАТУ оқытушыларымен, докторанттарымен және магистранттарымен үлкен деректерді талдау саласындағы жаңа технологиялармен бөлісті.
Өзекті тақырыптағы тренингке 110 тыңдаушы жиналды. 80 адам онлайн тыңдаушы болса, 30 оқытушы ХАТУ-дағы Elba зертханасында айналысты. Бағдарлама бойынша тренинг дәріс бөлігін де, практикалық сабақтарды да қамтыды. Таңертең сарапшылар Дэвид Лосада мен Томаз Фернандес дәріс өткізді. Түскі үзілістен кейін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген зертханада практика басталды. Спикерлер оқытушылармен үлкен деректерді талдау әдістерін қолдану бойынша жаңа әзірлемелермен бөлісті.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде аса қуатты компьютерлермен, бағдарламалық өнімдермен, мультимедиялық техникамен арнайы жабдықталған зертхана Еуропалық комиссияның қаржыландыруымен Erasmus+ жобасы аясында ашылды. Elba зертханасы үлкен деректерді талдау бойынша оқытушыларды даярлау орталығына айналды. Болашақта орталық қазақстандық үлкен деректерді талдау мамандарының біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жоспарлап отыр.