Перейти к содержимому

Йорк университетінде ТЮНИНГ әдістемесі бойынша тренинг, Салоники, Греция

ALLVET Erasmus+ жобасы аясында ТЮНИНГ әдістемесі бойынша тренинг бүгін Салоникидегі (Греция) Йорк университетінде басталды. #IITU ХАТУ үшін бұл Қазақстанның білім беру жүйесіне ТЮНИНГ оқыту әдістемесін енгізу бойынша екінші жоба болып табылады. Ең басты назар оқыту нәтижелеріне және құзыреттілік тәсіліне аударылады, бұл осы қағидаттарды қатаң ұстанған кезде өз нәтижесін береді. ХАТУ-дың оқытуда қолданатын бұл қағидаты соңғы 5 жыл бойы жоғары оқу орындары мен мамандықтар арасындағы барлық рейтингтерде көшбасшылар қатарында қалуға мүмкіндік береді. Осы жылы АКТ бойынша ХАТУ «Атамекен» рейтингі бойынша 1-орынды, ал біздің «Журналистика, медиа және қоғаммен байланыс» мамандығымыз Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары арасында 2-орынды иеленді. Негізгі критерий — нәтижеге жұмыс істеу және стейкхолдерлерді тарта отырып оқытудағы құзыреттілік тәсілі. Салоникидегі бүгінгі кездесу — бұл ХАТУ оқытушылар тобының біліктілігін арттырудағы тағы бір кезең, олар келгеннен кейін арнаулы орта техникалық және жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында тренингтер өткізеді.

Facebook

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы