Перейти к содержимому

И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті мен ХАТУ арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қою

Бүгін екі техникалық ЖОО арасында ынтымақтастықты орнату мақсатында И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің делегациясы IT университетіне ресми сапармен келді. Екі ЖОО-ның ынтымақтастығы ELBA (Erasmus+) бірлескен жобасы аясында басталған болатын. Университеттер IT саласындағы деректерді талдау бағытын дамыту бойынша жобаны жүзеге асыруда. Бүгін ХАТУ ректоры Аскар Хикметов пен көп жылдар бойы И. Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университетін басқарған, қазіргі уақытта ректор кеңесшісі Мураталы Джаманбаев ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Екі университеттің жоспарында — IT мамандарын даярлау саласында күш-жігерді біріктіру, ғылыми саладағы ынтымақтастықты жалғастыру. И. Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университеті — 16 мыңнан астам студент оқитын Қырғызстандағы ең ірі университеттердің бірі. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті — еуропалық аккредиттеу агенттігінің халықаралық институционалдық аккредитациясын алған алғашқы ЖОО, Erasmus+ еуропалық қауымдастығының мойындалған серіктесі, Қазақстандағы IT-білім берудің көшбасшысы. Орталық Азияның екі мойындалған техникалық университетінің ынтымақтастығы әлемдік ауқымда IT саласының дамуына өз ықпалын тигізеді.

#iitu #elba

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы