Тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау орталығы
Орталық МУИТ-тің (IITU) БҰҰ-ның Тұрақты дамудың 17 мақсаты бойынша жұмысын үйлестіреді: білім беру, зерттеу және кампус өміріне тұрақтылық пен ESG қағидаттарын енгізеді, студенттер мен қызметкерлерді экологиялық бастамаларға тартып, серіктестікті дамытады.
Орталық университет үшін 2026–2030 жылдарға арналған Климатикалық жоспарды және Теңдік, әралуандық және инклюзия стратегиясын әзірледі, олардың орындалуына мониторинг жүргізу мен есеп беруге жауапты.
МУИТ 2040 жылға қарай парниктік газдардың таза нөлдік шығарындыларына қол жеткізуді мақсат етіп қояды.
2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар
-
Қыркүйек 2025
SuliTest тестілеуі
Студенттер жаһандық сын-қатерлер мен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары туралы хабардарлықты бағалауға арналған бейімделген SuliTest-тен өтті.
-
Қаңтар 2026
Оқытушылардың біліктілігін арттыру
ТДМ-ді оқу үрдісіне біріктіру және тұрақты даму мүддесі үшін білім берудің халықаралық тәжірибелері туралы сессия.
-
Ақпан — мамыр 2026
ReStart жобасы
Кампуста пластикті бөлек жинау енгізілді: 133 кг пластик қалдығы жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.
-
Сәуір 2026
EcoHack Almaty экохакатоны
EcoCode студенттік ұйымымен бірлесіп өткізілді: 13 университет командасынан 51 қатысушы қаланың экологиялық мәселелерін шешуге арналған технологиялық шешімдерді әзірледі.
Сонымен қатар кампуста бөтелкелер мен банкаларды қабылдайтын фандомат және ауыз су фонтаны орнатылды. «Заттардың екінші өмірі» акциясы (60-тан астам қатысушы), EcoQuest және EcoNight өтті, ал экологиялық іс-шаралар 200-ден астам студент пен қызметкерді қамтыды. Студенттер SaveTuba және EcoScan стартаптарын іске қосты. Екі ынтымақтастық меморандумына қол қойылды; орталықтың серіктестері — Алматы қаласын дамыту орталығы, EcoNetwork, Жасыл экономика және G-Global коалициясы, Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы және басқалар.
2030 жылға дейінгі мақсаттар
| Көрсеткіш | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 |
|---|---|---|---|---|---|
| QS Sustainability Ranking рейтингіндегі орны | — | 1500+ | 1450+ | 1400+ | 1350+ |
| THE Impact Ranking рейтингіндегі орны | — | 1500+ | 1450+ | 1400+ | 1350+ |
| Web of Science және Scopus базаларындағы ESG бойынша жарияланымдар | 10 | 12 | 15 | 20 | 25 |
| ESG және цифрлық құзыреттерге оқытылған әкімшілік қызметкерлер | 30% | 40% | 45% | 50% | 55% |
| ESG, жасанды интеллект және инклюзия бойынша біліктілігін арттырған оқытушылар | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
2027 жылға қарай пәндердің кем дегенде 40%-ы ESG қағидаттарын ескере отырып қайта қаралады.
Құжаттар
- PDF МУИТ-тің 2026–2030 жылдарға арналған Климатикалық жоспарыIITU Climate Action Plan 2026–2030 · ағымдағы жағдай, шығарындыларды қысқарту, алты мақсат EN
- PDF Теңдік, әралуандық және инклюзия стратегиясы (2026–2030 жж.)Strategy on Equality, Diversity and Inclusion · мақсаттар, KPI және жол картасы EN
- PDF Климатикалық саясат (Р-49)Climate Action Policy · Басқарма отырысының шешімімен 27.03.2025 жылы бекітілген EN
- PDF Тұрақты инвестициялау саясаты (Р-50)Sustainable Investment Policy · Басқарма отырысының шешімімен 27.03.2025 жылы бекітілген EN
- PDF Тұрақты сатып алу саясаты (Р-51)Sustainable Procurement Policy · Басқарма отырысының шешімімен 17.04.2025 жылы бекітілген EN