Fachhochschule Dortmund University of Applied Sciences and Arts университетінде оқы!
15.03.2024

Құрметті магистранттар,

Дортмунд университетінде(Германия) Erasmus+KA171 стипендиялық бағдарламасында (ай сайын 850 евро стипендия) 1 орынға конкурс жариялауға қуаныштымыз.

* Тек магистратураның 1 курс студенттері үшін.


ЖОО-серіктесте оқу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. European Master in Project Management (EuroMPM)

https://www.fh-dortmund.de/en/programs/EuroMPM-General-master.php

https://www.fh-dortmund.de/en/programs/EuroMPM-IT-master.php

  1. Embedded Systems of Engineering (ESE)

https://www.fh-dortmund.de/en/programs/embedded-systems-engineering-master.php

  1. Master Digital Transformation (MDT)

https://www.fh-dortmund.de/en/programs/digital-transformation

Келесі маңызды ақпаратқа назар аударуыңызды сұраймыз: құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 27 наурыз, Астана уақыты бойынша сағат 22:00-ге дейін.


Міндетті құжаттардың тізімі:

  1. Студент қол қойған "ХАТУ" АҚ ректорының атына ұялы телефон нөмірі мен электрондық поштасы көрсетілген жеке өтініш (өтініштің мысалын біздің сайттан табуға болады).
  2. Ағылшын тіліндегі Транскрипт (GPA 3.0-ден төмен емес).
  3. Тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаттың көшірмесі, егер бар болса (IELTS, TOEFL) немесе сіздің ағылшын тілі оқытушыңыздың растауы (Intermediate деңгейінен төмен емес).
  4. Сіздің кафедра меңгерушісінен ұсыныс хат.
  5. Мотивациялық хат.
  6. Түйіндеме

Жоғарыда аталған барлық құжаттар біздің сайт арқылы онлайн режимінде ұсынылуы керек: https://mobility.iitu.edu.kz/home

Версия сайта для слабовидящих