ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ
ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ТУРАЛЫ
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің құрамдас бөлігі және қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіруге жауап береді.
Ол 2024 жылы студенттердің жеке және кәсіби дамуына ықпал ету, олардың әлеуметтік және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, сондай-ақ кәсіби бағдар беруге жол көрсету мақсатында құрылған.
— Білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік санасын және жеке тұлғалық дамуын қалыптастыруға бағыттай отырып, ХАТУ студенттерімен тәрбие және әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру.
— Студенттердің университеттің қоғамдық өміріне кірігуіне ықпал ететін бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, соның ішінде мәдени, спорттық және білім беру бастамалары.
— Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ сыртқы ұйымдармен Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялар шеңберінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Университет бөлімшелерімен өзара әрекеттесу және қызмет көрсету тәртібі тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректормен айқындалады.
— Тәрбие жұмысы және әлеуметтік бастамалар саласындағы студенттердің қажеттіліктерін мониторингтеу және талдау жүргізу, сондай-ақ алынған деректер негізінде Департамент жұмысына қатысты ұсыныстар әзірлеу.
— Департамент қызметкерлерінің құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ студенттердің көшбасшылық, командалық жұмыс және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы қажетті дағдыларын қалыптастыруға арналған білім беру және тренингтік іс-шараларды өткізу.
— Өткізілетін іс-шаралар мен бағдарламалар бойынша есеп беруді жүйелеу және жүргізу, сондай-ақ белгіленген критерийлерге сәйкес олардың тиімділігін бағалау.
Департамент миссиясы — білім алушылардың жан-жақты жеке тұлғалық, әлеуметтік және азаматтық дамуына жағдай жасау, олардың бойында тұрақты адамгершілік құндылықтарды, әлеуметтік жауапкершілікті және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ студенттерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Департамент қолайлы тәрбие және әлеуметтік ортаны қалыптастыруға, азаматтық белсенділікті, студенттік өзін-өзі басқаруды және еріктілік бастамаларды дамытуға ықпал етеді, білім алушылардың әлеуметтік бейімделуі мен инклюзиясын қолдайды және өз қызметін студенттер, оқытушылар мен білім беру ұйымы әкімшілігі арасындағы өзара әрекетті нығайтуға бағыттайды.
ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КОМАНДАСЫ
ІС-ШАРАЛАР
01.08.2025
Eco Day в IITU
01.08.2025
2025 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі
01.08.2025
ICE PARTY IITU 2025
01.08.2025
SBA-CUP 2025: мықтылар турнирі және командалық рухтың жеңісі
01.08.2025
Халықаралық студенттер клубының студенттік ұйымының команда құру
01.08.2025
BOOKCROSING
КОНТАКТЫ
департамента