МАГИСТРАТУРА

 

2021-2022 оқу жылында «ХАТУ» АҚ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ үшін Кешенді тестілеуге қатысу өтініштерін қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 маусым мен 15 шілде аралығында ОНЛАЙН режимде app.testcenter.kz веб-сайты арқылы жүзеге асырылады.

 

ҰТО-ҒА ТІРКЕЛУГЕ НҰСҚАУЛЫҚ

Білім беру қызметін көрсету бойынша қосылу шарты 2021 жыл

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ МАГИСТРАТУРАНЫҢ 3 БАҒЫТЫ БОЙЫНША МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙДЫ:

M096 Коммуникация және коммуникация-лық технологиялар

Оқу бағдарламалары:

1. Телекоммуникациялық жүйелер мен желілер

M072 Менеджмент

Оқу бағдарламалары:

1. Жобалық басқару

 

 

 

ОҚЫТУ ЖӘНЕ МАМАНДЫҚТАР БАҒЫТТАРЫНЫҢ ЖІКТЕУШІСІ(pdf)

 

«ХАТУ» АҚ МАГИСТРАТУРАСЫНДА ОҚУ МЕРЗІМІ

Магистратураға жоғары білімнің (бакалавр) білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

БАҒЫТТАРЫ:

Ғылыми-педагогикалық: оқу мерзімі – 2 жыл (алдыңғы білім деңгейі – бакалавриат немесе жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары білім);

Бейіндік: оқу мерзімі – 1 жыл, ақылы-шартты негізде.

Оқу түрі: күндізгі.

Оқу тілдері: ағылшын, ағылшын-орыс.

Академиялық дәрежесі: MSc ғылым магистрі (тиісті бағыт бойынша).

 

1 кезең: ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге (бұдан әрі – КТ) қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 18 маусымнан 15 шілдеге дейін жүргізіледі.

Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады testcenter.kz.

Осы жылы оқуға түсушілер Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы Онлайн режимде өтініш береді app.testcenter.kz.

Оқуға түсуші ақпараттарды толтырғаннан кейін, төлем өтініш беру жүйесінде жүргізіледі. Ал КТ-ға қатысу құны 8292 теңгені құрайды.

ҰТО-да тіркелу жөніндегі нұсқаулық - ТІРКЕЛУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Кешенді тестілеудің үлгілік тест тапсырмалары - ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

КТ-ға рұқсаттаманы ҰТО жеке кабинетінде 18 шілдеден бастап көруге болады.

 

2 кезең: ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫ

Магистратураға Түсу емтихандары (Кешенді тестілеу) 2021 жылы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтіледі.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын КТ өткізу пункттерінде, яғни Ұлттық тестілеу орталығында өткізіледі:

  • магистратураға КТ нәтижелері бойынша оқуға түседі;
  • КТ нәтижелері бойынша сертификат беріледі;
  • КТ-ны тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

Кешенді тестілеуді өткізу тәртібі:

Магистратураға түсуші тұлғалар қазақ немесе орыс тілінде:

  • шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша: ағылшын, неміс немесе француз тілі);
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (таңдауы бойынша: қазақ немесе орыс тілі);
  • білім беру бағдарламалар тобы бойынша бейіндік пәнінен тест (таңдауы бойынша: казахский или русский язык).

 

Білім беру бағдарламасының топтарының нөмірі және атауы 1 бейіндік пән 2 бейіндік пән
M094 Ақпараттық технологиялар Алгоритмдер және деректер құрылымы Деректер базасы
M096 Коммуникация және коммуникациялық технологиялар Электрлік байланыс теориясы Радиотехника және телекоммуникация негіздері
M072 Менеджмент Менеджмент Бизнесті ұйымдастыру

 

КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ФОРМАТЫ(pdf)

 

 

3 кезең: ҚАБЫЛДАУ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ «МАГИСТР» БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНЫҢ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ

Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 20 тамызына дейін жүзеге асырылады.

«Магистр» білім беру грантының конкурсында білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәні, шет тілі, оқуға дайындығын анықтау бойынша КТ нәтижелерінің балдары ескеріледі. КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәні бойынша тест нәтижесі жоғары адамға басым құқық беріледі, содан кейін білім алу дайындығын анықтауға арналған тест және шет тілінің тест нәтижелері бойынша қарастырылады. Сонымен қатар, дипломдағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) және жұмыс өтілі ескеріледі.

МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ(pdf)

 

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУ

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде КТ бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:

- қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратура үшін кемінде - 75 балл.

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРАТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ

Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша КТ үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес жүзеге асырылады: қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға кемінде 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша-кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл.

Магистратураға ақылы негізде тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша КТ үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға кемінде 50 балл, бұл ретте шет тілі бойынша-кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жүзеге асырылады.

Оқуға қабылдау – 2021 жылдың 28 тамызына дейін.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ПРЕРЕКВИЗИТТЕР БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Магистратураға түсу кезінде магистратураның білім беру бағдарламасының бейіндік пәні жоғары білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда магистрантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді. Үміткерлерге түсу емтихандарынан өткеннен кейін оларды ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша Пререквизиттер бағдарламалары тиісті кафедралармен әзірленеді.

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗБЕСІ (pdf)

 

 

Қосымша ақпаратты және тест тапсырмаларының үлгілерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі Ұлттық тестілеу орталығы https://testcenter.kz сайтынан таба аласыз.

 

БАЙЛАНЫС:

050040 Алматы қаласы, Манас көшесі 34/1

Қабылдау комиссиясы:

Жұм.тел: +7 (727) 244-51-12 немесе +7 (727) 320-00-00 (ішкі 2043)

Email: dpo@iitu.edu.kz

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма: 9:00-18:00

Сенбі: 09:00-13:00

Версия сайта для слабовидящих