ДОКТОРАНТУРА

 

 

ХАТУ PHD ДОКТОРАНТУРА МАМАНДАРЫН : 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар БАҒЫТЫ БОЙЫНША ДАЯРЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

 

D094 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

 

 

 

ДАЯРЛАУ БАҒЫТТАРЫ МЕН МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕУІШІ (pdf)

 

Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

  • Докторантураға кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі және «Магистр» дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
  • Докторантураға қабылдау білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқыту түрі: күндізгі

Оқыту тілдері: ағылшын, ағылшын-орыс

Академиялық дәрежесі: Философия докторы (Ph.D)

 

1 кезең: ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

PhD докторантураға өтініштерді қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы ағымдағы жылдың 8 шілдесі мен 3 тамыз аралығында жүзеге асырады. Докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш беру үшін оқуға түсуші app.testcenter.kz сайтына кіруі және жүйеде тіркелуі қажет.

ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТОЛТЫРУ БОЙЫНША ТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Түсу емтиханын тапсыруға тіркелуге 1 (бір) ретрет рұқсат етіледі; ҰТО сайтында қайта тіркелуге жол берілмейді.

Талапкер докторантураға түсу үшін 1 (бір) ЖОО және 1 (бір) ББТ, түсу емтиханын тапсыратын орнын таңдайды.

Емтиханды өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылдың 4 тамызынан кейін оқуға түсушінің жеке кабинетінде белгілі болады.(pdf)

 

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ(pdf)

 

2 кезең: ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫ

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары 2021 жылдың 4 тамызы мен 20 тамызы аралығында өткізіледі.

Докторантураға түсу емтиханы Аймақтық тестілеу орталығының базасында компьютерлік форматта өткізіледі.

Түсу емтиханының ұзақтығы – 4 сағат, осы уақыт ішінде оқуға түсуші эссе жазады, докторантурада оқуға дайындық тестінен өтеді, 3 сұрақтан тұратын (ББТ) электрондық емтихан билетіне жауап береді.

Түсу емтиханы үшін ең жоғары балл – 100 балл, оның ішінде эссе-20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, ББТ бейіні бойынша емтихан – 50 балл.

 

PHD ДОКТОРАНТУРАСЫНА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ(pdf)

 

3 кезең: ҚАБЫЛДАУ

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУҒА ТҮСУ (БІЛІМ ГРАНТЫ)

Оқуға қабылдау – 28 тамызға дейін.

Тұлғаларды докторантураға қабылдау:

  •  шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде;
  •  докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы және 100 балдан кемінде 50 балл жинаған оқуға түсушілер үшін жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға конкурстық негізде:

  •  қабылдау емтиханы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады;
  •  қабылдау емтиханы бойынша – кемінде 75 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

 

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтиханнан неғұрлым жоғары баға алған адамдар басым құқыққа ие болады.

Бейінді емтихан үшін көрсеткіштер бірдей болған жағдайда білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Web of Science дерекқорына кіретін рейтингтік ғылыми басылымдарда, КОКСОН басылымдарында соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар ескеріледі.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ПРЕРЕКВИЗИТТЕР БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Докторантураға түсу кезінде докторантураның білім беру бағдарламасының бейіндік пәні жоғары білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда докторантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді. Үміткерлерге түсу емтихандарынан өткеннен кейін емтихандарды өз бетінше және ақылы негізде тапсыруға рұқсат етіледі. Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша пререквизиттер бағдарламалары тиісті кафедралармен әзірленеді.

PHD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ(pdf)

 

Толық ақпаратты https://testcenter.kzсайтынан таба аласыз.

 

БАЙЛАНЫС:

050040 Алматы қаласы, Манас көшесі 34/1

Қабылдау комиссиясы:

Жұм.тел: +7 (727) 244-51-12 немесе +7 (727) 320-00-00 (ішкі 2043)

Email: dpo@iitu.edu.kz

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма: 9:00-18:00

Сенбі: 09:00-13:00

Версия сайта для слабовидящих