ЦИФРЛЫҚ БИЗНЕС-МЕКТЕП
ЦИФРЛЫҚ БИЗНЕС-МЕКТЕП ТУРАЛЫ
Сұранысқа ие мамандарды (цифрлық жоба менеджері, өнімді басқару менеджері, цифрлық маркетолог, талдаушы) даярлап шығару үшін оларды жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ студенттік стартаптар мен технологиялық бастамаларға арналған сараптамалық және бизнес-инкубациялық орталықтарды қалыптастыру.
— Оқу жоспарларын қазіргі заман талаптарына сәйкес әзірлеу және тұрақты түрде жаңарту;
— Оқытудың озық форматтарын қолдану;
— Студенттерде кәсіби (hard) және тұлғалық (soft) дағдыларын қатар қалыптастыру мақсатында техникалық және гуманитарлық пәндерді интеграциялау;
— Студенттік стартаптарды іске қосу және сынақтан өткізуге арналған орта қалыптастыру, алғашқы инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
— Абстрактілі теориялық тапсырмалар орнына студенттердің нақты компаниялардың шынайы бизнес-міндеттерін шешуі;
— Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен (tech-корпорациялар, банктер, бөлшек сауда саласы) ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнату;
— Білім беру саласында инновациялық әрі беделді алаң ретінде имидж қалыптастыру.
Жаһандық экономика жағдайында цифрлық трансформацияны басқаруға және инновациялық өнімдер жасауға қабілетті, аралас құзыреттерге (бизнес-ойлау + цифрлық дағдылар) ие жаңа буын көшбасшылары мен кәсіпкерлерін даярлау.
ЦИФРЛЫҚ БИЗНЕС-МЕКТЕП КОМАНДАСЫ
КОНТАКТЫ