КОРПОРАТИВТІК ДАМУ ЖӘНЕ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ДЕПАРТАМЕНТІ
КОРПОРАТИВТІК ДАМУ ЖӘНЕ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ДЕПАРТАМЕНТІ ТУРАЛЫ
Сапаны басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту, бизнес-процестерді кешенді оңтайландыру және аккредиттеулерден табысты өту, ұлттық және әлемдік рейтингтердегі позицияларын арттыру, сондай-ақ мекеменің жалпы бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында стратегиялық жоспарлауды іске асыру.
— Университеттің даму стратегиясын әзірлеу, өзектендіру және оның іске асырылуын бақылау.
— Ұйымдық құрылымды басқару: қолданыстағы ұйымдық құрылымды талдау және оны жаңа стратегиялық сын-қатерлерге бейімдеу.
— Білім беру бағдарламаларын ұлттық және халықаралық институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу процестерін ұйымдастыру және толық қолдау көрсету.
— Білім беру қызметтерінің сапасын кешенді бағалау: ішкі аудиттер жүргізу, сауалнамалар ұйымдастыру және студенттердің, оқытушылардың және жұмыс беруші-серіктестердің қанағаттану деңгейін өлшеу.
— Ішкі процестерге аудит жүргізу, оларды қайта құрылымдау және автоматтандыруға қатысу арқылы бюрократиялық кедергілерді жою және бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру.
— Ішкі нормативтік құжаттаманы (ережелерді, регламенттерді, саясат құжаттарын, лауазымдық нұсқаулықтарды) әзірлеу, стандарттау және өзектендіру.
— Басшылықтың негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін қызметтің барлық бағыттары бойынша талдамалық деректерді жинақтау және шоғырландыру.
— Университеттің миссиясы мен стратегиялық мақсаттарын қызметкерлердің барлық санаттарына жеткізеді.
Ішкі процестерді үздіксіз жетілдіру, жоғары сапа стандарттарын енгізу және академиялық әрі операциялық көшбасшылыққа бағдарланған инновациялық корпоративтік мәдениетті қалыптастыру арқылы университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
КОНТАКТЫ