Перейти к содержимому

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті

DSC09999_1.original (1).jpg

Департамент туралы

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті

Мақсаты

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлауға, ұйымдастыруға және үйлестіруге жауапты бөлімшесі. Департамент 2024 жылы студенттердің тұлғалық және кәсіби өсуіне, әлеуметтік және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету, сондай-ақ кәсіби бағдар беруге көмектесу мақсатында құрылды.

Негізгі міндеттер
  • ХАТУ студенттерімен белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік сана мен тұлғалық дамуды қалыптастыруға бағытталған тәрбие және әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру.
  • Студенттердің университеттің қоғамдық өміріне араласуына ықпал ететін бағдарламалар мен іс-шараларды, оның ішінде мәдени, спорттық және білім беру бастамаларын әзірлеу және іске асыру.
  • Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялар бойынша университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Өзара іс-қимыл тәртібін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор белгілейді.
  • Тәрбие жұмысы мен әлеуметтік бастамалар саласындағы студенттердің қажеттіліктерін бақылау және талдау, Департамент жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  • Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және студенттердің көшбасшылық, командалық жұмыс пен әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға арналған білім беру және тренинг іс-шараларын өткізу.
  • Өткізілетін іс-шаралар мен бағдарламалар бойынша есептілікті жүйелеу және жүргізу, олардың тиімділігін белгіленген өлшемдер бойынша бағалау.
Миссиясы

Білім алушылардың жан-жақты тұлғалық, әлеуметтік және азаматтық дамуына жағдай жасау, олардың бойында тұрақты адамгершілік құндылықтарды, әлеуметтік жауапкершілікті және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, студенттерді әлеуметтік қолдауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Департамент қолайлы тәрбиелік және әлеуметтік ортаны қалыптастыруға, азаматтық белсенділікті, студенттік өзін-өзі басқаруды және еріктілер бастамаларын дамытуға ықпал етеді, білім алушылардың әлеуметтік бейімделуі мен инклюзиясына жәрдемдеседі және студенттер, оқытушылар мен университет әкімшілігі арасындағы өзара байланысты нығайтады.

Команда

Департамент командасы

Турсынбаева Алма Тургинбаевна Департамент директоры

Турсынбаева Алма Тургинбаевна

Байназар Азиз Дильмуханбетович Бас менеджер

Байназар Азиз Дильмуханбетович

Тасболат Әділет Қайратұлы Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

Тасболат Әділет Қайратұлы

Төлепберген Асхат Рахымұлы Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы

Төлепберген Асхат Рахымұлы

Байланыс

Департамент байланыстары

Алматы қ., Манас к-сі, 34/1, 1-қабат, 108-кабинет

+7 (727) 244-51-21, ішкі 2070 desw@iitu.edu.kz Instagram: @stud_life_iitu

Ұйымдар

Студенттік ұйымдар

Барлық клубтар мен ұйымдар

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы