ALLVET зертханасының ашылуы
Халықаралық IT университетінде Erasmus+ бағдарламасының ALLVET жобасы аясында техникалық сипаттамалары қуатты заманауи компьютерлермен, трансляцияға арналған теледидармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған зертхана ашылды. Ашылу салтанатына проректорлар, университет оқытушы-профессорлар құрамы, жоба қатысушылары, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы консорциумның қазақстандық командасының мүшелері — ұлттық координатор Ғайни Муханова, SDU координаторы Әділжан Анай және басқа да көптеген қатысушылар қатысты. ХАТУ проректорлары Аққыз Құраққызы Мустафина мен Евгения Александровна Дайнеко зертхананы салтанатты түрде ашты. Іс-шара қонақтарын бағдарламаның еуропалық координаторы Даниэла Милошевич құттықтады. Зертхана колледждер мен университеттердің ынтымақтастық орталығына, оқыту алаңына айналады. Бұл үшін барлық жағдай жасалған — қуатты компьютерлер, теледидар, бағдарламалық қамтамасыз ету және ынғайлы жиһаз.