ALLVET дөңгелек үстелі (ақпан 2021)
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Эрасмус+ ALLVET халықаралық жобасын іске асыру бойынша командасы өткен жылдың нәтижелерін талқылау және алдағы кезеңге арналған паландарды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар кәсіби ағылшын тілі және тюнинг әдістемесі бойынша тренингтерден өтті. Сондай-ақ салтанатты түрде кәсіби ағылшын тілі курстарын оқу нәтижелері бойынша сертификаттар берілді , Қатысушыларға арналған курстарды Салоники университеті өткізді. Тренингтер барысында қандай дағдылар мен жаңа білім алды - бұл ХАТУ-дағы дөңгелек үстелде талқыланды. Айжан Қалмықбаева, Василий Сербин, Гүлнар Закирова, Роза Өтешева, ғалым Омаров, Айгүл Ниязғұлова тюнинг әдістемесі бойынша курстардың тиімділігі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Тренингтер барысында алынған білім колледж оқытушыларына арналған тренингтер өткізуге негіз болады. Келесі кезең-колледж мұғалімдеріне сапалы білім беру әдіснамасын беру.
