Перейти к содержимому

22-24 маусым. Колледждер мен университеттерге арналған тренинг

Колледждер мен университеттердің оқытушылары үшін 22-23 маусымда Zoom платформасында ТжКБ жүйесіне Болон процесінің қағидаттары мен құзыреттілік тәсілін енгізу бойынша қазақстандық ALLVET консорциумы командасының мүшелерінен тренингтер сериясы өтті. Кәсіптік білім беру үшін жобаның маңыздылығы туралы кіріспе сөзбен ХАТУ халықаралық және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры Е.А. Дайнеко сөз сөйледі. Г. Муханова мен Г.Д. Закирова колледждер мен университеттердің өкілдеріне оқытудағы құзыреттілік тәсілінің артықшылықтары мен Болон процесі қағидаттарының ерекшеліктері, оның Турин процесі қағидаттарынан айырмашылықтары туралы айтып берді. ХАТУ командасының мүшелері колледж өкілдерінің қызығушылығын тудырған баяндамаларды ұсынды: «Оқу бағдарламасын дайындау, құзыреттіліктерді таңдау, мүдделі тараптармен консультациялар» (спикер: ХАТУ проф. А. Ниязгулова), «Оқыту нәтижелерінің ролі және оқыту мен үйрету әдістері» (спикер: ХАТУ қауымд. проф. Г. Омаров), «Бағалау әдістерін әзірлеу. Жалпы тенденциялар және қолдану. Бағалау тәсілдері» (спикер: ХАТУ аға лекторы А. Калмыкбаева), «Стратегияларды айқындау және сапаны қамтамасыз ету механизмдерін қамтамасыз ету» (спикер: ХАТУ қауымд. проф. Р. Утешова). Халықаралық бизнес академиясының колледжі, Алматы автомеханикалық колледжі, Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі, Политехникалық колледж сияқты колледждердің өкілдері пікірталастарға белсенді қатысып, оқу процесіне құзыреттілік тәсілін енгізу қағидаттары бойынша толық оқыту курсынан өтуге дайындығын көрсетті.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы