Перейти к содержимому

ХАТУ оқытушылары Испаниядағы біліктілікті арттыру курстарында

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушылар тобы — Айдос Сарсенбаев, Ергали Даулетбек, Ляззат Найзабаева ELBA жобасы аясында Испаниядағы Сантьяго-де-Компостела университетінде үлкен деректер бойынша екі апталық курстардан өтуде. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті қатысатын ELBA жобасы білім беру мекемелерінің, жергілікті кәсіпорындардың және тұтас қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін ЕО тәжірибесі мен технологияларына негізделген, әртүрлі пәнаралық тәжірибесі бар Үлкен деректерді интеллектуалды талдау (IBDA) саласында жоғары кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндіктер жасауға және жоғары тиімді заманауи IBDA құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Оқытушылар заманауи кезеңде сұранысқа ие үлкен деректер саласында біліктіліктерін арттыруда және келгеннен кейін жаңа модульдер әзірлеуге әрі алған дағдыларын студенттер мен оқытушыларға беруге кіріседі.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы