15 желтоқсанда Манчестер университетінің докторантынан «Үлкен деректерді талдау» тақырыбында семинар өтеді
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде жүзеге асырылып жатқан ELBA Erasmus+ жобасы аясында 15 желтоқсанда Манчестер университетінің докторанты Арман Жармағамбетов ХАТУ магистранттары, профессорлары мен докторанттары үшін «Үлкен деректерді талдау» тақырыбында семинар өткізді. Арманның баяндамасы ELBA жобалық командасының үлкен қызығушылығын тудырып, қызметтің әртүрлі салаларында үлкен деректермен жұмыс істеу тәсілдерінің әртүрлілігі талқыланды. «Деректерді талдау» пәндерінің профессорлары Даулетбек Ергали, Ляззат Найзабаева, Айдос Сарсембаев, Айгуль Сатыбалдина және басқалары ХАТУ түлегі Арманның зерттеуін жоғары бағалады. Семинардан кейін ELBA ХАТУ командасы жобаның қойылған міндеттерін жүзеге асыру бойынша алдағы жоспарларды талқылады.