Перейти к содержимому

Іс-шаралар

ALLVET зертханасының ашылуы

Халықаралық IT университетінде Erasmus+ ALLVET жобасы аясында сипаттамалары бойынша қуатты заманауи компьютерлермен, трансляцияға арналған теледидармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған зертхана ашылды. Ашылу салтанатына проректорлар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, жоба қатысушылары, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы консорциумның қазақстандық командасының мүшелері — ұлттық координатор Гайни Муханова, SDU координаторы Адильжан Анай және басқа да көптеген өкілдер қатысты. ХАТУ проректорлары Мустафина Аккыз Кураковна мен Дайнеко Евгения Александровна зертхананы салтанатты түрде ашты. Іс-шара қонақтарын бағдарламаның еуропалық координаторы Даниэла Милошевич қарсы алды. Зертхана колледждер мен университеттердің ынтымақтастық орталығына, оқыту алаңына айналады. Бұл үшін барлық жағдайлар жасалған — қуатты компьютерлер, теледидар, бағдарламалық қамтамасыз ету және ыңғайлы жиһаз.

Эрасмус+ ALLVET дөңгелек үстелі

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Эрасмус+ ALLVET халықаралық жобасын жүзеге асыру жөніндегі командасы өткен жылдың нәтижелерін саралау және болашақ кезеңге арналған жоспарларды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар кәсіби ағылшын тілі және тюнинг методологиясы бойынша тренингтерден өтті. Сондай-ақ салтанатты жағдайда кәсіби ағылшын тілі курстарын оқу нәтижелері бойынша сертификаттар табысталды, қатысушыларға арналған курстарды Салоники университеті жүргізді. Тренингтер барысында қандай дағдылар мен жаңа білім алғандары туралы ХАТУ-да өткен дөңгелек үстелде сөз болды. Айжан Калмыкбаева, Василий Сербин, Гульнар Закирова, Роза Утешева, Галым Омаров, Айгуль Ниязгулова тюнинг методологиясы бойынша курстардың тиімділігі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Тренингтер барысында алынған білім колледж оқытушыларына арналған тренингтерді өткізуге негіз болады. Келесі кезең — сапалы білім беру методологиясын колледж мұғалімдеріне беру.

ALLVET жобасының міндеттері туралы IT FM радиосы үшін ХАТУ қауымдастырылған профессоры Галым Омаров айтып береді. Ол Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасында жобаны жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді және қалың жұртшылықпен Қазақстандағы Эрасмус+ ALLVET жобасын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерімен бөліседі.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы