ALLVET жобасының жиналыстары мен семинарлары
ALLVET жобасы бойынша бастапқы жиналыс
HE and VET alliance establishment according to Bologna Principals implementation via VET teachers’ capacity building
2020 жылғы 9-10 наурызда Крагуевац университетінде, Техникалық ғылымдар факультетінде, Чачак қаласында ALLVET жобасы бойынша бастапқы кездесу өтті.
Мақсаты — осы алғашқы кездесудің негізгі мақсаты барлық серіктестердің жоба міндеттеріне қол жеткізудегі өз рөлін түсінуін қамтамасыз ету, мекемелерді таныстыру, серіктестер, басқару құрылымдары мен шешім қабылдау органдары арасында ақпарат алмасу критерийлері мен процедураларын белгілеу, сондай-ақ жұмыс топтары мен серіктес университеттердің жергілікті координаторларының функцияларын айқындау.
Жиналысқа Еуропалық Одақтың 5 университеті, Ресейдің 5 университеті және Қазақстанның 3 университеті қатысты.
Жиналыс қатысушыларын факультет деканы, деканның орынбасары профессор, др. Даниела Милошевич ыстық ықыласпен қарсы алды.
Барлық серіктестер өз университеттерінің презентацияларын жасап, жобаны дамытуға қоса алатын ықтимал үлестері туралы ақпаратпен бөлісті.
Жоба координаторлары жобаның мақсаттары, барлық жоспарларды орындаудың шамамен алынған кестесі, Жұмыс пакеттері және басқа да қажетті ақпарат туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Жоба қатысушылары оқыту модульдерін дайындау мәселелерін, олардың мазмұнын және оқу құжаттарын дайындау форматын өте егжей-тегжейлі талқылады.
Сондай-ақ қаржылық мәселелер, жабдықтар сатып алу, тренингтер өткізу және жоба менеджменті бойынша жұмыстар егжей-тегжейлі талқыланды.
Жиналыс нәтижелері:
- Консорциумның барлық мүшелері нәтижелерге қол жеткізу үшін жобаның мақсаттары мен методологиясын біледі.
- Консорциум бойынша барлық серіктестер Сапаны Ғамтамасыз Ету (QA) міндеттерін түсінеді және оны процесс ретінде тиімді пайдалана алады.
- ЕО мен ЕО-дан тыс серіктестердің жеке басшылық топтары (әр мекемеден бір өкілден), сондай-ақ ішкі бағалау бойынша жұмыс тобы (IEWG) қалыптасты.