Перейти к содержимому

ALLVET тренингі 2021 жылғы сәуір

23-26 сәуір аралығында ALLVET тренингі өтті. Тренингті Марьян Милошевичтің басшылығымен Еуропа университеттерінің өкілдері жүргізді. ХАТУ профессорлары мен консорциумның басқа да ЖОО-лары ALLVET бағдарламасы бойынша кезекті оқыту сессиясына қатысты. Талқыланған негізгі тақырыптар — онлайн-білім беру процесіндегі ынтымақтастық. Мұндай процестің өзіндік қиындықтары бар, бірақ қазіргі уақытта бұл академикалық білімді берудің ең үздік тәсілі болып табылады. Сабақ барысында оқытушылар мен студенттердің қатысуы мен өзара әрекеттесуіне деген қызығушылығын әрі жақсы түсінуін қамтамасыз ету үшін бірлескен өнімді жұмысты ұйымдастыру өте маңызды.

Кеңінен талқыланған тағы бір тақырып — білімді сақтау мен тиімділікке басымдық бере отырып тесттер құрастыру. Әрбір квиз бен тест оқыту нәтижелері негізінде студентті бағалаудың бірнеше тәсілдерінен тұруы тиіс.

Профессорлар ALLVET оқыту бағдарламасының басқа да көптеген маңызды аспектілерін қозғады, жалпы алғанда семинар өте өнімді әрі пайдалы болды.

Бағдарламаның келесі кезеңі — колледж оқытушыларын оқыту.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы