Перейти к содержимому

Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық нұсқаулығы

Академиялық ұтқырлық

Құрметті студенттер!

Оқу жылының кез келген семестріне серіктес ЖОО-ларға академиялық ұтқырлыққа қабылдау хабарланған кезде кез келген семестрге келесі нұсқауларды орындауыңыз қажет.

Конкурстық комиссиядан өткен жағдайда сіз таңдаған университетте оқу — тегін

Ұшу, тұру, виза, медициналық сақтандыру және жеке шығындарды студенттің өзі төлейді.

Студенттің кандидатурасын академиялық ұтқырлық конкурсына ұсыну үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Студент кол қойған, ұялы телефон нөмірі мен электрондық поштасы міндетті түрде көрсетілген «ХАТУ» АҚ Ректорының атына жазылған жеке өтініші Академиялық ұтқырлыққа өтініш үлгісі.docx.

2) Ағылшын тіліндегі транскрипт (GPA 3.0-ден төмен емес)

3) Тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса: IELTS, TOEFL) немесе ағылшын тілі оқытушысынан тілді Intermediate деңгейінен төмен емес меңгергені туралы растау (тілдер кафедрасы)

4) Шетелдік паспорттың көшірмесі


Сондай-ақ платформада тіркеліп, mobility.iitu.edu.kz өтінім беру қажет

Құжаттарды Халықаралық департаменттің int@iitu.edu.kz поштасына жіберу қажет.

Толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментіне хабарласыңыздар (803 кабинет).

Шамамен алынатын шығындармен және ұсынылатын мамандықтармен танысыңыздар:

Құжаттар

ЕЛДЕР БОЙЫНША ҚҰНЫ

XLSX · 12 КБ

ЖОО-лар мен мамандықтар тізімі

XLSX · 13 КБ

P-40_Академиялық_ұтқырлықты_ұйымдастыру_туралы_ереже_4-редакция

PDF · 9.9 МБ

Академическая мобильность guide_0000001.jpg
Академическая мобильность guide_0000002.jpg
Академическая мобильность guide_0000003.jpg
Академическая мобильность guide_0000004.jpg
Академическая мобильность guide_0000005.jpg
Академическая мобильность guide_0000006.jpg
Академическая мобильность guide_0000007.jpg
Академическая мобильность guide_0000008.jpg

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы