Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық — білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі бір академик период ішінде (семестр немесе оқу жылы) өзінің жоғары оқу орнында меңгерген білім беру оқу бағдарламаларын кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есепке ала отырып, білім алу немесе зерттеулер жүргізу үшін басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) немесе басқа жоғары оқу орнында оқуын жалғастыру үшін орын ауыстыруы.
ХАТУ-дағы академик ұтқырлық бағдарламасы келесі серіктес жоғары оқу орындарымен жүзеге асырылады:
| Серіктес ЖОО | Қысқаша ақпарат | Университеттің веб-сайты |
|---|---|---|
| KAIST (Korea Advanced Institute of Science and Technology) | Корея озық технологиялар институты (KAIST) — Тэджонда орналасқан Оңтүстік Кореяның жетекші оқу және зерттеу университеті. 2011 жылы KAIST әлемнің жетекші университеттерінің рейтингінде 90-орынды иеленді. ХАТУ мен KAIST 2014 жылғы ақпанда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және студенттермен семестрлік алмасу — университеттеріміз арасындағы ұзақ мерзімді әрі жан-жақты ынтымақтастықтың алғашқы қадамы. | [https://io.kaist.ac.kr/menu/io.do?mguid=72CD2D0A-21E5-E511-940C-2C44FD7DF8B9](https://io.kaist.ac.kr/menu/io.do?mguid=72CD2D0A-21E5-E511-940C-2C44FD7DF8B9) |
| Инха университеті | Инчхонда (Оңтүстік Корея) орналасқан жеке зерттеу университеті. Инженерлік және физикалық ғылымдар саласындағы дәстүрлі зерттеулерімен әрі білім беруімен танымал бұл университетті Оңтүстік Кореяның тұңғыш президенті Ли Сын Ман құрған. | [https://eng.inha.ac.kr/eng/3903/subview.do](https://eng.inha.ac.kr/eng/3903/subview.do) |
| Мара технологиялық университеті (UiTM) | мемлекеттік университет болып табылады, негізгі кампусы ел астанасы Куала-Лумпурдан батысқа қарай 28 шақырым жердегі Селангор штатының орталығы Шах-Алам қаласында орналасқан. Оның негізі 1956 жылы RIDA оқыту орталығы ретінде қаланған. | [https://study.uitm.edu.my/](https://study.uitm.edu.my/) |
| Universiti Tenaga Nasional (UNITEN) | 1976 жылы негізі қаланған, Малайзиядағы алғашқы жеке университеттердің бірі және Tenaga Nasional Berhad (TNB) басшылығымен жұмыс істейді. Университеттің екі кампусы бар: Putrajaya Campus және Bandar Muadzam Shah. Бұл кампустарда академиялық бағдарламалармен қатар инженерлік технологиялар саласында тренингтер өткізіледі. Университет бағдарламалары инженерия, ақпараттық технологиялар, бизнес-менеджмент және т.б. салаларға бағытталған. Putrajaya Campus құрамына Инженерия колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі және Гуманитарлық ғылымдар институты кіреді. | [https://www.uniten.edu.my/](https://www.uniten.edu.my/) |
| Schmalkalden University of Applied Sciences | Тюрингиядағы қолданбалы ғылымдар университеті. Шмалькальден қолданбалы ғылымдар университеті электротехника, машина жасау, информатика, бизнес пен экономика және іскерлік құқық сияқты бес факультет шеңберінде білім беру бағдарламаларының кең ауқымын ұсынады. | [https://www.hs-schmalkalden.de/en.html](https://www.hs-schmalkalden.de/en.html) |
| Хоф қолданбалы ғылымдар университеті (University of Applied Sciences Hof) | 1994 жылы негізі қаланған, Жоғарғы Франкониядағы (Бавария, Германия) бизнес, медиа және техника бағытындағы кәсіби университет. Практикаға бағдарлану, интернационализация және ресурстарды тиімді пайдалану — қазіргі уақытта бизнес, есептеу техникасы мен инжиниринг бойынша 28 бакалавриат пен магистратура бағдарламасын ұсынатын Хоф университетіндегі оқыту мен ғылыми зерттеулердің негізі болып табылады. | [https://www.hof-university.com/](https://www.hof-university.com/) |
| Fachhochschule Dortmund – University of Applied Sciences and Arts | Оның негізі ресми түрде 1971 жылы қаланған, бірақ бастапқы институты — «Königliche Werkmeisterschule für Maschinenbauer» 1890 жылы құрылған. Соған қарамастан, негізгі тұжырымдама жылдар бойы өзгеріссіз қалды: теория мен практика арасындағы байланысты нығайтатын жоғары білікті профессорлар жүргізетін, мәселелерді практикалық шешуге бағытталған оқыту мен білім беру. Осы философияға адал университет жеті түрлі факультетте (қолданбалы әлеуметтік ғылымдар, архитектура, дизайн, компьютерлік ғылымдар, экономика, инженерия, ақпараттық технологиялар және электротехника) 50-ден астам оқыту нұсқасын ұсынады. Қазіргі уақытта Дортмунд қолданбалы ғылымдар мен өнер университетінде 12 500-ден астам студент білім алуда. | [https://www.fh-dortmund.de/](https://www.fh-dortmund.de/) |
| Пиза университеті (University of Pisa) | Тоскана аймағындағы күншуақты Пиза қаласында орналасқан Пиза университеті (Università di Pisa) — 1343 жылы негізі қаланған Еуропадағы ең көне университеттердің бірі. Университет Италияның үздік 5 жоғары оқу орнының қатарына кіреді; ең алдымен математика және физика бағыттары бойынша күшті дайындығымен танымал. | [https://www.unipi.it/index.php/english](https://www.unipi.it/index.php/english) |
| Лотарингия университеті (University of Lorraine — UL) | Лотарингия университеті немесе University of Lorraine (UL) — Франциядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. UL өз тарихын 1970 жылдан бастайды. Университеттің Нанси қаласында қалалық типтегі кампусы бар. Францияның академиялық рейтингінде жоғары позицияны иеленеді. Лотарингия университеті әдетте әлемдік университеттер рейтингінде үздік 5% қатарына кіреді. Университет «Математика» саласында әлемде 151-орынды иеленіп, көшбасшы ЖОО болып табылады. | [http://welcome.univ-lorraine.fr/](http://welcome.univ-lorraine.fr/) |
| IGlobal Univeristy, USA | IGlobal университеті (АҚШ) Вашингтон қаласының маңында орналасқан. ЖОО мемлекеттік аккредитацияға және шетелдік студенттерді қабылдау үшін I-20 нысанын беру құқығына ие. | [https://www.igu.edu/](https://www.igu.edu/) |
| Green River College, USA | Колледж 1965 жылы құрылған. Green River колледжі көптеген марапаттармен марапатталған және дәстүрлі университеттерге қарағанда қолжетімді білім ұсынады. Жыл сайын колледжде әлемнің 60-тан астам елінен 1 400-ден астам шетелдік студент білім алады. Колледжде жалпы алғанда 11 000-ға жуық студент оқиды. | [https://www.greenriver.edu/](https://www.greenriver.edu/) |