Ұлттық экономиканың бизнес-процестерін цифрлық түрлендіру платформасы
ruskenbayeva@edu.iitu.kz
МАҚСАТЫ
Жобаның мақсаты
Елдің өндірістік және АТТ әлеуетін дамыту үшін ұлттық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық экономиканы цифрлық түрлендіру үшін ғылыми-техникалық база құру.
ЖОБА ТУРАЛЫ
Аңдатпа
Экономиканың бизнес-процестерін цифрлық түрлендіру — ауқымды мәселе және ол уақыт бойынша бір сәттік немесе кеңістікте локальді процесс емес. Осыған байланысты зерттеу аясын тарылтып, зерттеу міндеттерінің күрделілігін жеңілдету қажет, яғни ұлттық экономиканың бизнес-процестерін цифрлық түрлендіру платформасын әзірлеуге инкрементті-итеративті тәсілді қолдану керек. Сондықтан осы жобада зерттеу пәні ретінде логистика саласының бизнес-процестері алынды. Зерттеу объектісі — бизнес-процестерді цифрлық түрлендіру процестері. Зерттеу пәні — логистиканың бизнес-процестерін автоматтандыру процесін қолдауға мүмкіндік беретін платформаны әзірлеу.
Ғылыми жаңалығы
Есептеуіш машиналар, кешендер және компьютерлік желілер үшін математикалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы ең маңызды міндеттердің бірі — әр түрлі мақсаттағы бағдарламалық құралдарды, соның ішінде бағдарламалар мен бағдарламалық жүйелердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді құру және сүйемелдеу болып табылады. Осы сала бойынша жүргізіліп жатқан зерттеу бағыттарының бірі — бір платформаның ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін әлсіз байланысқан жүйелерді құруға қатысты сервис-бағдарлы тәсіл мен веб-сервистер технологиясын зерттеу. Сондықтан деректер деңгейінде веб-сервистерді біріктіру арқылы бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін әдістер мен алгоритмдерді әзірлеу жүргізіліп жатқан зерттеудің жаңалығы болып табылады.
Қолданылу саласы
Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары — Қазақстан экономикасының логистика саласы.
НӘТИЖЕЛЕР
Ғылыми жетістіктер
Логистиканың цифрлық платформасын әзірлеу міндеттері анықталды, логистиканың бизнес-процестерін автоматтандыру платформаларына аналитикалық шолу жасалды. Логистиканың бізнес-процестерін автоматтандыру жүйелерін құру процесін неғұрлым тиімді қолдауға мүмкіндік беретін платформаның құрылымы мен архитектурасы анықталды. Логистикалық процестердің әртүрлілігіне байланысты платформаны проблемалық аймақтың әртүрлі даналары үшін құру тиімдірек болатыны шешілді. Процестің барлық кезеңдерін қамтитын жүйелерді құру әдістемесі ұсынылады. Процесте және жүйелерді құру технологиясында қолданылатын белгілі әдістердің комбинациясынан тұратын жүйелерді құру әдістемесі ұсынылды. Жобаның соңғы кезеңінде деректер деңгейінде, веб-сервистер деңгейінде (оркестрлеу және хореография негізінде), сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етілу деңгейінде жүйелерді біріктіру жүргізілді.
Деректер мен есептерді визуализациялау орындалды. Логистикалық деректерді визуализациялау үшін OLAP (Online Analytical Processing) технологиясы — көп өлшемді деректер моделін қолдана отырып, деректерді көп өлшемді жедел өңдеу қолданылды. Жоба нәтижелері бойынша 25 мақала жарияланды, олардың ішінде Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін 17 мақала, ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдар тізбесіне кіретін 8 мақала, 2 оқулық пен практикум бар, сондай-ақ 5 тестілеу, апробация және енгізу актісі алынды.
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
Құқықтық қорғау
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы 3 куәлік бар: _ 2020 жылғы «21» желтоқсандағы № 13985 «Электрондық сауда алаңы және тауарларды тасымалдау жүйесі «Isker Logistics»». Ускенбаева Р. К., Куандыков А. А., Уатбаев М. М., Толегенов А. М., Мукажанов Н. К., Кальпеева Ж. Б., Мустафина А.К., Касымова А. Б. _ 2020 жылғы «20» желтоқсандағы № 13949 «Электрондық сауда алаңының және тауарларды тасымалдаудың мобильді қосымшасы «Mobile Isker Logistics»». Ускенбаева Р. К., Куандыков А. А., Рахметулаева С. Б., Карабалиев Е. Н., Адибек Т. К., Болшибаева А. К.
интеграцияланған логистика платформасы _ 2020 жылғы «21» желтоқсандағы № 13969 «Ақылды қойма жүйесі «Isker Warehouse»». Ускенбаева Р. К., Куандыков А. А., Сатыбалдиева Р. Ж., Молдагулова А. Н., Әліпбеков Ә. С., Байбатыров Д.А., Болшибаева А. К.
ЕНГІЗУ
Коммерциализация және тәжірибелік қолдану
Бұл жоба одан әрі коммерциализациялауға жатады.