Блокчейн технологиясын зияткерлік энергосистемаларға интеграциялау
МАҚСАТЫ
Жобаның мақсаты
Блокчейн технологиясы негізінде Smart Grid жүйесін басқарудың зияткерлік жүйесін әзірлеу.
ЖОБА ТУРАЛЫ
Өзектілігі
2015 жылғы Париждегі келісімге, ҚР Президентінің «Қазахстан-2050» Жолдауына, сондай-ақ әзірленіп жатқан Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртекті төмен дамыту тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан энергетикасын терең декарбонизациялау мәселесі өткір тұр. Қойылған міндетті орындау құралдарының бірі жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) көшу болып табылады. Алайда, ЖЭК ресурстарының тұрақсыз және анық емес сипаты энергосистемалардың тұрақтылығы үшін күрделі мәселелер тудырады. ЖЭК-ті ауқымды түрде енгізу беріліс жүйесінің шамадан тыс жүктелуі, жиілік пен кернеудің тұрақсыздығы және сенімділіктің нашарлауы сияқты техникалық мәселелерге әкелуі мүмкін. Жан-жақты жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) үлкен көлемде пайдалану желілердің алдына жаңа міндеттер қойды, бұл орталықтандырылған желілік жүйеден децентрализацияланған (орталықсыздандырылған) автоматтандырылған жүйеге парадигманы өзгертуді талап етті. Дегенмен, бұл дедалды азайту немесе теңдеуден алып тастау энергетикалық ресурстармен сауда жасауда қауіпсіздік мәселелерін тудыруы мүмкін, өйткені сенімсіз тараптар «бірге-бір» (P2P) режимінде ынтымақтасады. Осы мақсатта тиімді, қауіпсіз, құпия және сенімді механизм қажет болды. Бөлінген тізілім технологияларының (DLT) ішінде блокчейн энергетикалық интернет желілерін қолдануда үміт күттіретін нәтижелер көрсетті.
Бұл интеграциядағы басты артықшылық — энергетикалық ресурстарды бөлуді автоматтандыру арқылы жүйенің тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру. Күн панельдері немесе жел турбиналары сияқты жергілікті энергия көздері жалпы желіге оңай біріктіріле алады, ал блокчейн артық энергия үшін өтемақы төлеуді жеңілдетеді. Блокчейн дәстүрлі энергетикалық компаниялардың дедалсыз (делдалсыз) желі қатысушылары арасында энергияны сату және сатып алу транзакцияларын автоматты түрде жүргізе алады. Әкімшілік процестерді минимизациялау және делдалдардың қажетсіздігі операциялық шығындардың азаюына әкеледі. Әрбір транзакция барлық желі қатысушылары тексеруі үшін қолжетімді барлық операциялардың толық тарихын қамтамасыз ететін бөлінген тізілімде жазылады. Осылайша жүйенің ашықтығы артады.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жоба блокчейн-платформа үшін техникалық шешімдерді әзірлеуді, қолданыстағы энергетикалық инфраструктурамен интеграциялауды, нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді және желі қатысушылары үшін экожүйе құруды қамтиды.
ЖОСПАРЛАР
Күтілетін нәтижелер
- Smart Grid жүйесін басқаруға блокчейн технологиясын енгізу әдістемесі әзірленеді;
- Web of Science деректер базасындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus деректер базасындағы CiteScore бойынша процентилі 50-ден кем емес журналдарда кемінде екі мақала жарияланады.
КОМАНДА
Зерттеу тобының құрамы
Конырова М.Ж.
ХАТУ АҚ
Scopus ID: 57392398700
ORCID: 0000-0001-6577-9965
Кумызбаева С.К.
АЭжБУ, профессор, ғылыми кеңесші
Scopus ID: 57192170690
ORCID: 0000-0003-3175-2435