Перейти к содержимому
ТІКЖ AP22685890

Есепті категориялылыққа сәйкес келетін реттелген құрылымдар

Ғылыми жетекші PhD Алтаева А.Б.
Бағдарлама «Жас Ғалым», 2024–2026
Шарт 2024 жылғы 20.06 күнгі №143/ЖҒ5-24-26 шарты
Жобаны қаржыландыру 29,7 млн тг

МАҚСАТЫ

Жобаның мақсаты

Зерттеу жұмысы әлсіз о-минималды теориялардағы бинарлық және шамамен омега-категориялылық ұғымдарының өзара байланысын зерттеуге, сондай-ақ әлсіз циклдік минималды теориялардағы шамамен бинарлық және есепті категориялылық ұғымдарының өзара байланысын зерделеуге арналған.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Өзектілігі

Жоба модельдердің жалпы теориясын дамытады және реттелген алгебраическая жүйелерді (алгебралық жүйелерді) және олардың элементар теорияларын жіктеу мәселесін шешуге бағытталған. Бұл жобаның зерттеу тақырыптары қазіргі уақытта алгебралық жүйелер теориясын дамыту үшін өзекті болып табылады және әлемнің жетекші математикалық орталықтарында қарқынды зерттелуде.

Ғылыми тиімділігі реттелген құрылымдар үшін о-минималдылық нұсқаларын зерттеу саласында жаңа нәтижелер алудан, сондай-ақ олардың туынды объектілерін зерделеуден тұрады. Бұл модельдердің жалпы теориясының одан әрі дамуына ықпал етеді. Әлеуметтік-экономикалық тиімділігі елдің зияткерлік әлеуетін арттырудан, жаңа кадрларды даярлаудан және алынған нәтижелерді реляциялық деректер базасының жалпы теориясы мен бағдарламалық қамтамасыз̆ етуді әзірлеудің формальды әдістері сияқты қолданбалы білім салаларына одан әрі қолдану мүмкіндігінен тұрады.

ЖОСПАРЛАР

Күтілетін нәтижелер

  • Негізгі міндеттер келтіріліп, оларды аппроксимациялайтын ақырлы өлшемді теңдеулер құрылады;
  • Web of Science деректер базасындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus деректер базасындағы CiteScore бойынша процентилі 50-ден кем емес журналдарда кемінде екі мақала жарияланады.

КОМАНДА

Зерттеу тобының құрамы

Кульпешов Б.Ш.

Математика және математикалық модельдеу институты, бас ғылыми қызметкер, ғылыми кеңесші

Scopus ID: 8645904700
ORCID: 0000-0002-4242-0463

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы