Перейти к содержимому
ТІКЖ AP14871641

Виртуалды шынайылық технологиясын қолдана отырып, коронарлық артерияларды ангиопластика және стентирование жасауды оқытуға арналған зияткерлік тренажерды әзірлеу

Ғылыми жетекші PhD, ассоц. проф. Дайнеко Е.А.
y.daineko@iitu.edu.kz
Бағдарлама Гранттық қаржыландыру, 2022–2024
Шарт 2022 жылғы 18.10 күнгі №231/30-22-24 шарты
Жобаны қаржыландыру 78 млн тг
Басым бағыт Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар

МАҚСАТЫ

Жобаның мақсаты

Виртуалды шынайылық технологиясын қолдана отырып, коронарлық артерияларды ангиопластика және стентирование жасау бойынша оқытудан өтуге және дағдылар алуға мүмкіндік беретін зияткерлік көптілді бағдарламалық кешенді әзірлеу.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Аннотация

Заманауи тренажерларды немесе симуляторларды әзірлеу үшін виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын пайдалану оқытуға, хирург-дәрігерлердің дайындық деңгейін көтеруге, пациенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа әдістемелерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде отандық медицинаның әрі қарай дамуына және соның салдарынан халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жоба міндеттері

  • Әртүрлі біріктірілген әзірлеу орталары базасында компьютерлік оқыту тренажерларын әзірлеу және енгізу саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеу және талдау.
  • Персональды компьютерде жұмыс істейтін және коронарлық артериялардың ангиопластикасы бойынша оқытуға және дағдылар алуға арналған виртуалды тренажердің бағдарламалық кешеніне жалпы талаптарды әзірлеу. Негізгі талаптардың бірі – модельделетін құрылғылар, адамның жүрек-қан тамырлар жүйесі және тіндер шынайы жүйеге ұқсас интерфейске ие болуы тиіс.
  • Коронарлық артерияларды ангиопластика және стентирование жасау үшін виртуалды шынайылық тренажерін құру тәсілін әзірлеу.
  • 2-3 өлшемді Навье-Стокса теңдеулер жүйесі негізінде біртекті емес сығылатын сұйықтықтың қозғалыс процесінің математикалық моделін жасау.
  • Әзірленетін тренажерге енгізу үшін сығылатын сұйықтық динамикасы (Навье-Стокса теңдеулері) негізінде адамның жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі қан ағымының компьютерлік моделін әзірлеу.
  • Виртуалды шынайылық тренажерінде қолданылатын құрылғылардың компьютерлік модельдерін және органдардың 3D модельдерін жасау.
  • Коронарлық артерияларды ангиопластика және стентирование жасауға оқытуға арналған виртуалды шынайылық тренажерін әзірлеу.
  • Виртуалды шынайылық тренажерін пайдалану бойынша әдістемелік нұсқаулар мен құжаттама жазу.

Жаңалығы

  • Коронарлық артерияларды ангиопластика және стентирование жасау үшін Oculus Rift виртуалды шынайылық көзілдірігін және Leap Motion қозғалыс контроллерін пайдалана отырып, виртуалды ортада объектілердің өзара әрекеттесуіне арналған жетілдірілген алгоритмдерді әзірлеу.
  • 2-3 өлшемді Навье-Стокса теңдеулер жүйесі негізінде веналардағы (ішкі арналар) біртекті емес сығылатын сұйықтықтың (жасушалар, жасушалық фрагменттер, сулы ерітінді, плазма) қозғалысына компьютерлік модельдеу жүргізу.

НӘТИЖЕЛЕР

Ағымдағы нәтижелер

Әртүрлі біріктірілген әзірлеу орталары базасында компьютерлік оқыту тренажерларын әзірлеу және енгізу саласында талдау жүргізілді. Бағдарламалық кешенге жалпы талаптар құрылды. Әлемдік тәжірибені талдауға сәйкес медициналық оқыту саласындағы жұмыстардың көп бөлігі әзірлеу платформасы – Unity көмегімен іске асырылғаны анықталды. Осылайша, іске асыру технологиясы және әзірлеу ортасы ретінде Unity әзірлеушілер платформасын пайдалана отырып, виртуалды шынайылық технологиясы таңдалды. Камералардың жұмыс алгоритмі әзірленді. Пайдаланушы сцена ішінде камерамен бірінші жақтан әрекеттесетіндіктен, құралдарды артерияға енгізу кезінде не болатынын бақылауға мүмкіндік беретін камералар жүйесі, сондай-ақ бірінші жақтан шолу жасау мүмкіндігі жасалды. Бұл ретте пайдаланушының шолуы мен түрі дене қалпының, бастың, сондай-ақ қолдардың қалпының өзгеруіне байланысты өзгереді.

Пайдаланушыға шынайы виртуалды ортада медициналық құралдармен әрекеттесуге мүмкіндік беретін құралдардың жұмыс алгоритмі әзірленді. Құралдардың 3D модельдері мен мәтіндік сипаттамалары әртүрлі деңгейдегі медициналық білімі бар пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Басу кезінде теріні деформациялауға, сондай-ақ катетерді орнату және басқа да қажетті медициналық процедураларды жүргізу үшін оны тесуге мүмкіндік беретін органикалық тіндердің мінез-құлық алгоритмі әзірленді. Сонымен қатар, пайдаланушы әр пациенттің тамырларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, артерия сипаттамаларын реттей алады. Симулятор ішінде екі қолдың жұмысы қамтамасыз етілді. Пайдаланушының екі қолы үшін қажетті барлық функционалды қамтитын код әзірленді. Осылайша, пайдаланушы операция барысына толық қатыса алады және құралдармен де, пациенттің виртуалды денесімен де әрекеттесе алады. 2-3 өлшемді Навье-Стокса теңдеулер жүйесі негізінде біртекті емес сығылатын сұйықтықтың қозғалыс процесінің математикалық моделі жасалды. Екі өлшемді модельді ақырғы айырымдар әдісімен дискретизациялау жүргізіліп, тамырдың тіктөртбұрышты аймағындағы қанның қозғалыс жылдамдығының таралуы алынды.

  1. .

Қан ағымының пульсирлену сипатын модельдеу үшін стационарлық емес шекаралық шарт жүзеге асырылды және Эйлер мен Рунге-Кутт әдісімен шешілген қан ағымы қозғалысының екі өлшемді нәтижелері ұсынылды. Алынған нәтижелер пульсация функциясының сипатына сәйкес келетін толқын тәрізді сипатты көрсетеді, ал қан ағымының шығарындысы шыңы кезіндегі максималды жылдамдықтар басқа авторлардың жұмыстарында келтірілген жұмыс нәтижелеріне шамамен сәйкес келеді.

ЕНДІРУ

Коммерцияландыру және тәжірибе жүзінде қолдану

Бұл жоба одан әрі коммерцияландыруға жатады.

КОМАНДА

Зерттеу тобының құрамы

Дайнеко Евгения Александровна, PhD, ассоц. профессор

ХАТУ АҚ, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: 36060995800
ORCID: 0000-0001-6581-2622

Ипалакова Мадина Тулегеновна, т.ғ.к., ассоц. профессор

ХАТУ АҚ, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: 56912288100
ORCID: 0000-0002-8700-1852

Алипова Бахыт Нурашевна, PhD

ХАТУ АҚ, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: 55574803800
ORCID: 0000-0003-0915-2759

Кожахметов Азамат Кошербаевич

кардиолог дәрігер

Болатов Жігер Жасұланұлы, магистр

ХАТУ АҚ, компьютерлік модельдеу және симуляция зертханасының жетекшісі

Scopus ID: 57194322791
ORCID: 0000-0002-1945-8156

Цой Дана Дмитриевна, магистр

ХАТУ АҚ, аралас шынайылық зертханасының жетекшісі

Scopus ID: 57203037057
ORCID: 0000-0003-0172-9760

Сейтнұр Айгерім Мұхтарқызы, магистр

ХАТУ АҚ, сениор-лектор

Scopus ID: 57209970291
ORCID: 0000-0003-1058-1016

Токмухамедова Фатима Кадыровна, магистр

ХАТУ АҚ, сениор-лектор

Scopus ID: 57250078700
ORCID: 0000-0001-7980-8245

Рысбек Назерке Сакенкызы

ХАТУ АҚ

Каримова Бибинур Сарсемхановна

ХАТУ АҚ, бухгалтер

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы