Перейти к содержимому
ТІКЖ AP08855955

Біртекті емес ортаның жылу-физикалық параметрлерінің кешенін табу үшін машиналық оқыту әдістері мен итерациялық әдістерді әзірлеу, бағдарламалар кешенін құру

Ғылыми жетекші ф.-м.ғ.д., проф. Рысбайұлы Б.
b.rysbaiuly@iitu.edu.kz
Бағдарлама Гранттық қаржыландыру, 2020–2022
Шарт 2020 жылғы 16.11 күнгі №298 шарты
Жобаны қаржыландыру 40,5 млн тг
Басым бағыт Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар

МАҚСАТЫ

Жобаның мақсаты

Бұзбай бақылаудың көпқабатты ортасының жылу-физикалық параметрлерінің кешенін табу әдістерін әзірлеу, әзірленген әдістердің тұрақтылығы мен жинақтылығын дәлелдеу, бастапқы деректерді анықтау үшін өлшеу жұмыстарын жүргізу, көпқабатты топырақтың барлық жылу-физикалық параметрлерін табуға және әзірленген әдістерді сынақтан өткізуге арналған бағдарламалық өнімді құру және баптау.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Аннотация

Топырақ-қыртыстың жылу-физикалық сипаттамалары адамның топыраққа антропогендік әсеріне байланысты өзгереді. Аталған сипаттамаларды білмейінше, топырастағы жылу алмасуды жедел болжау күрделі мәселеге айналады. Сондықтан көпқабатты ортаның барлық жылу-физикалық параметрлерін есептеу әдістерін әзірлеу және бұл параметрлерді табуды автоматтандыру өзекті міндет болып табылады. Ғылыми зерттеу әдіснамасы. Негізгі зерттеу әдісі — математикалық және компьютерлік модельдеу және машиналық оқыту. Ғылыми танымның бұл қуатты құралының мәні зерттеудің үш ажырамас кезеңінен тұрады: модель - алгоритм - бағдарлама. Сондықтан мақсатқа жету тәсілі ретінде математикалық модельдеу әдісі мен машиналық оқыту таңдалды.

НӘТИЖЕЛЕР

Ғылыми жетістіктер

Материалдың жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық коэффициенттерін табуға арналған бағдарламалық код әзірленді.

ЕНДІРУ

Коммерциализация және практикалық қолданыс

Жоба нәтижелерін әртүрлі материалдардың, топырақтар мен қыртыстардың температуралық режимін болжауда қолдануға болады. Әзірленген бағдарламалық өнімді коммерцияландыру ықтималдығы бар.

ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жарияланымдар тізімі

  1. Rysbaiuly, B.; Sinitsa, A., Capsoni, A. Analytical Inverse Analysis Methodological Approach for Thermo-Physical Parameters Estimation of Multilayered Medium Terrain with Homogenized Sampled Measurements. Symmetry 2022, 14, 2248. (Scopus Процентиль – 93) DOI: https://doi.org/10.3390/sym14112248
  2. Rysbaiuly B., Alpar S. Determination of thermophysical characteristics in a nonlinear inverse heat transfer problem. Applied Mathematics and Computation (Scopus Процентиль – 95) DOI https://doi.org/10.1016/j.amc.2022.127656
  3. B. Rysbaiuly, S.D. Alpar, Experimental Data and the Nonlinear Inverse Problem of Heat Transfer, International Journal of Mathematics and Physics 13, No1 (2022), 4-18p, DOI: https://doi.org/10.26577/ijmph.2022.v13.i1.01
  4. B. Rysbaiuly, S.D. Alpar, SOLUTION OF A NONLINEAR HEAT TRANSFER PROBLEM BASED ON EXPERIMENTAL DATA, Вестник КазНУ, 4-18p, DOI: https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v114.i2.014
  5. Б. Рысбайулы, С.Д. Алпар, Нелинейная обратная задача нахождения теплофизических характеристик, Вестник НИА РК, 148-151p, DOI: https://doi.org/10.47533/2020.1606-146X.183
  6. Rysbaiuly B., Karashbayeva Zh.O., METHODS OF FINDING DIFFUSION AND THERMAL CONDUCTIVITY COEFFICIENTS OF HEAT AND MASS TRANSFER, ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», No2(78), 2022 г., 67-68 стр, DOI: https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.08
  7. B. Rysbaiuly, N.E. Mukhametkaliyeva, Iterative Method of Finding All Thermophysical Parameters of a Two-Layer Soil, Journal of Physics: Conference Series, DOI: 10.1088/1742-6596/2224/1/012041
  8. B. Rysbaiuly, S. Alpar, Nonlinear Inverse Heat Transfer Problem, Journal of Physics: Conference Series, DOI:10.1088/1742-6596/2224/1/012039
  9. Б. Рысбайұлы. Обратные задачи нелинейной теплопередачи: монография / Б. Рысбайұлы. – Алматы: Қазақ университеті, 2022. – 368 стр.

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

Патенттер

  1. Рысбайұлы Б., Рыскелді М.М., Кульжанов А.А., Калимуллин А.Р. Патент №5855 на полезную модель «Способ определения местоположения источников радиоизлучения с помощью низкоорбитального малого космического аппарата».

КОМАНДА

Зерттеу тобының құрамы

Рысбайұлы Болатбек, ф.-м.ғ.д., профессор

ХАТУ АҚ, профессор

Scopus ID: 57188996814
Researcher ID: ABE-4186-2021
ORCID: 0000-0001-5167-947X

Алпар Султан, магистр

ХАТУ АҚ, сениор-лектор, докторант

Scopus ID: 57249512400

Ыдырыс Айжан Жумабаевна, PhD

ХАТУ АҚ, ассистент-профессор

Scopus ID: 57208477171
ResearchGate

Мухамедкалиева Назерке, магистр

ХАТУ АҚ, сениор-лектор, докторант

Scopus ID: 57657654400

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы