Орта білім беру ұйымдарында физика пәнін оқыту үшін толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларының элементтері бар виртуалды электронды зертханаларды әзірлеу
y.daineko@iitu.edu.kz
МАҚСАТЫ
Жобаның мақсаты
Орта білім беру ұйымдарында физика пәнін оқыту үшін практикалық және теориялық тапсырмалар кешені бар виртуалды электронды зертхананы, сондай-ақ толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларының элементтері бар анимацияларды әзірлеу.
ЖОБА ТУРАЛЫ
Аннотация
Әдіснамасы
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің икемді әдіснамалары, компьютерлік модельдеу және объектіге бағытталған бағдарламалау әдістері.
Жаңалығы
Жоба аясында виртуалды электронды зертхана әзірленді. Ол үш өлшемді визуализация көмегімен орын алатын физикалық процестерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу үшін толықтырылған және виртуалды шынайылық элементтері бар компьютерлік қосымшалар түрінде іске асырылған мектеп бағдарламасының физика бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларына, сондай-ақ анимацияларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Нәтижелердің қысқаша сипаттамасы
Орта мектеп бағдарламасының физика бойынша практикалық және теориялық тапсырмалары, сондай-ақ анимациялар жиынтығы енгізілген әзірленген виртуалды электронды зертхана ұсынылған. Тапсырмалар толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларының көмегімен зерттелетін процестердің үш өлшемді визуализациясына, сондай-ақ есептердің дайын шешімдеріне қолжетімділік беретін жеке қосымшалар түрінде іске асырылған. 3D анимациялар жиынтығы электронды оқулық түрінде ұсынылған.
Қолданылу саласы
Әзірленген виртуалды электронды зертхананың негізгі қолданылу саласы орта оқу орындары болып табылады.
НӘТИЖЕЛЕР
Ғылыми жетістіктер
Жобаны орындау нәтижесінде зертханалық жұмыстар, есептер, анимациялар мен тесттер түріндегі физика бойынша теориялық тапсырмалар жиынтығын қамтитын, толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларының элементтері бар виртуалды электронды зертхананың бағдарламалық қосымшасы әзірленді. Виртуалды электронды зертхананың барлық құрамдас бөліктері зерттелетін процестер мен құбылыстардың үш өлшемді визуализациясы бар жеке модульдер түрінде орындалған. Leap Motion қозғалыс контроллерінің танылатын қимылдарының жиынтығын кеңейтуге мүмкіндік берген фреймворк әзірленді. Сондай-ақ атқарылған жұмыс бойынша құжаттама, әрбір зертханалық жұмыстың және жалпы жүйенің сипаттамасы жазылды. Әзірленген виртуалды зертхананы оқу үрдісіне енгізу нәтижелері, сондай-ақ виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын қолдана отырып виртуалды электронды зертхананы пайдалану кезінде үлгерімді және материалды меңгеру деңгейін талдау арқылы қол жеткізілген нәтижелерді бағалау ұсынылды.
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
Құқықтық қорғау
Алынған нәтижелерді апробациялау және енгізу базалары
«Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ (Алматы қ.) және Қадырғали Қосымұлы Жалайри атындағы орта мектеп-гимназиясы (Алматы облысы, Көксу ауданы), сондай-ақ шетелдік және отандық рейтингтік ғылыми басылымдар мен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар.
2018–2020 жж. жұмыс қорытындысы бойынша 54 жұмыс жарияланды, оның ішінде Scopus және WoS индекстейтін журналдарда 6 статья, ҚР БҒМ ҒЖБССҚК ұсынатын журналдарда 11 статья, халықаралық конференциялар жинақтарында 17 статья және Қазақстан журналдарында 7 статья жарияланды. Авторлық құқық объектілеріне (ЭҚ бағдарламасы) мемлекеттік тіркеу туралы 7 куәлік алынды. 4 ендіру актісі алынды.
ЕНДІРУ
Коммерциализация және практикалық қолданыс
Бұл жоба одан әрі коммерциализациялауға жатады.