ХАТУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституция жобасы талқыланды
03.02.2026

2026 жылдың 3 ақпанында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Конституция жобасы және цифрлық болашақ: құқықтар, деректер, инновациялар» тақырыбында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдаулар өтті.


Бұл шара еліміздің құқықтық жүйесін цифрлық дәуірге бейімдеу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттерін кеңінен талқылау және инновациялық құқықтық шешімдерді зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.
Тыңдауларға университет басшылығы, деканаттар мен факультеттер, Заң департаментінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлер қатысты.

DSC08351.jpg

DSC08357.jpg


















Жиынды цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор Нұржан Токкожаұлы Дузбаев ашып, конституциялық өзгерістерді цифрлық трансформация контекстінде жан-жақты және кәсіби талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында келесі спикерлер өз тақырыбына сай баяндамалар жасады:
• Дулатбек Балғабекович Қыдырбекұлы, саяси ғылымдар докторы, «Медиа-коммуникациялар және Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры.
• Ольга Давлетовна Несіпбаева, PhD, «Медиа-коммуникациялар және Қазақстан тарихы» кафедрасының ассистент-профессоры;

DSC08419.jpg

DSC08391.jpg

















Сонымен қатар, төмендегі қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды:
• Ардақ Ғабитовна Мұхамедиева, «Бизнес, медиа және басқару» факультетінің деканы;
• Айдос Қайратұлы Керімбек, Заң департаментінің директоры;
• Толғанай Темірболатқызы Чинибаева, Компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісі;
• Асхат Рақымұлы Төлепберген, Қауіпсіздік және даму менеджменті кафедрасының төрағасы.

DSC08486.jpg

DSC08507.jpg

DSC08534.jpg

DSC08542.jpg
































Спикерлер Жаңа Конституция жобасының негізгі жаңалықтары мен өзгерістеріне тоқталып, құқықтық мемлекетті нығайту, білім және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сонымен қатар цифрлық құқықтар, деректерді қорғау және инновациялар саласының конституциялық негізде дамуы туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Аманат партиясы Бостандық аудандық филиялының саяси кеңесінің мүшесі Мустафина Аққыз Қураковна шараны қорытындылап, мұндай кездесулер еліміздің құқықтық және конституциялық жүйесін цифрлық заманның талаптарына сай жетілдіруге септігін тигізетінін атап өтті.

DSC08550.jpg

DSC08552.jpg

















Академиялық тыңдаулар қорытындысында қатысушылар осындай кездесулердің маңыздылығын және еліміздің құқықтық жүйесін заманауи технологиялар мен инновацияларға сай дамыту қажеттігін жоғары бағалады.

Версия сайта для слабовидящих