Бұл маңызды шара 12 қараша күні Дубай қаласында, Jumeirah Beach қонақ үйінде өтті. Биылғы тақырып — «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім берудің трансформациясы».
"Coursera Connect MEA 2025" — Таяу Шығыс пен Африка аймақтарындағы білім беру мен кәсіби даму саласындағы ең беделді алаңдардың бірі. Іс-шараға Coursera компаниясының бас директоры Грег Харт, контент жөніндегі вице-президент Марни Бейкер Штайн, профессор Барбара Окли және басқа да әлемдік сарапшылар қатысты.
Бұл жетістік — Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) қолдауының және білім беруді цифрландыру бағытындағы стратегиялық көзқарасының нәтижесі. Министрлік еліміздің жоғары оқу орындарында инновация мен цифрлық құзыреттерді дамытуға зор үлес қосып келеді.
"Coursera Connect MEA 2025" марапаты — ХАТУ-нің жасанды интеллект пен онлайн-білім беру саласында аймақтық көшбасшы ретінде мойындалуы.
Біз Coursera серіктестігіне және ҒЖБМ қолдауына алғыс айтамыз!