IITU студенттері ICPC 2025 финалында әлемнің үздіктері қатарынан орын алды
05.09.2025

2025 жылғы 4 қыркүйекте Бакуде студенттерге арналған ең ірі әрі беделді халықаралық бағдарламалау байқауы — ICPC (International Collegiate Programming Contest) дүниежүзілік финалы өтті. Жыл сайын ICPC іріктеу кезеңдеріне әлемнің 30 мыңнан астам университеті қатысады, ал олардың ішінде небәрі 140-тай мықты команда ғана әлемдік финалға жолдама алады.


Биыл Қазақстанды абыроймен International IT University (IITU) командасы — “Natural Intelligence” таныстырды. Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен бақ сынаса отырып, IITU студенттері 12 тапсырманың 7-еуін шешіп, 61-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш оларға 70-тен астам беделді университеттік команданы артта қалдыруға мүмкіндік берді.

Осы нәтижесі үшін команда Honors марапатымен атап өтілді.


IITU “Natural Intelligence” командасының құрамы:

  • Шорманхан Дінмұхамед
  • Алтынбеков Батырхан
  • Попов Фёдор

Жаттықтырушысы: Қуанышбай Айбар
Олимпиадалық резерв жетекшісі: Ескендир Султанов


Ескендир Султановтың жетекшілігімен IITU соңғы жеті жыл бойы ICPC дүниежүзілік финалына тұрақты түрде іріктеліп, ТМД-ның үздік командалары қатарынан көрініп келеді.

Бұл жетістік қатысушылардың жеке жеңісі ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның академиялық және IT саласы үшін үлкен мәртебе. Ол IITU студенттерінің даярлық деңгейінің жоғары екенін және еліміздің цифрлық технологиялар мен әлемдік деңгейдегі білім беруді дамыту әлеуетін айқын көрсетеді.


Толық нәтижелерді ICPC-дің ресми сайтынан көруге болады: worldfinals.icpc.global.

IMG_2671 (1).JPG
Версия сайта для слабовидящих