SIRIUS CUP - 2024 - Волейбол турнирі
14.11.2024

10 қараша күні IITU спорт залында жарқын әрі маңызды оқиға – SIRIUS CUP-2024 волейбол турнирі өтті.


Турнирдің ашылу салтанатына құрметті қонақтары – «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Тұрлыбекұлы Перуашев пен «Ақ жол» ҚДП АГФ төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Олжас Елтаевич Нұралдинов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде студенттердің спорт мәдениеттінің дамуына және сау өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларына деген қолдауын білдірді.


Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген командалар:

  • 1 орын - Sparta
  • 2 орын - RETAKE
  • 3 орын - Пикмяч

Турнирді жоғары деңгейде өткізуге және барлық қатысушылар мен көрермендердің есінде қалатын әсерлі іс-шара ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан «Ақ жол» ҚДП, ASU VO!, Device Valley және Medina Auto Recent демеушілерімізге алғысымыз шексіз.


Осы қызықты спорттық іс-шараға қатысқан баршаңызға үлкен рахмет!

Description of the image
Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих