Қытайдағы халықаралық қысқы мектеп - USTC сізді күтеді!
21.11.2024

Құрметті студенттер мен магистранттар!
Сіздерді Қытайдағы жетекші оқу орындарының бірі Ғылым және технология университетінің (USTC) 2025 жылғы халықаралық қысқы мектебіне қатысуға шақырамыз.🇨🇳


Бұл сізге жаңа көкжиектерді асып, біліміңізді тереңдетуге және әлемдегі ең серпінді елдердің бірінің мәдениетіне енуге тамаша мүмкіндік!


Программаның жалпы құны 3000 юань (шамамен 420 АҚШ доллары) құрайды және
• Қытай тілі курстары
• Жетекші сарапшылардың лекциялары
• Екі орынды бөлмелерде тұру
• Заманауи зертханаларды аралау
• Мәдени ескерткіштермен танысуды қамтиды.

Сондай-ақ, сіздерге жол ақыңызды, медициналық сақтандыруды қамтамасыз ететін және қосымша қаржылай қолдау көрсететін USTC Fellowship стипендиясын алу мүмкіндігі бар.


Күні: 2-11 қаңтар, 2025 жыл
Орны: Хэфэй қаласы, Қытай


Өтінімдерді қабылдау 1 желтоқсан 2024 жылға дейін сілтеме арқылы онлайн режимінде қабылданады https://ic.ustc.edu.cn/en/v7info.php?Nav_x=49.


Маңызды: Өтінім жібергеннен кейін міндетті түрде Халықаралық бөлімге 801 кабинетке барыңыз.


Егер сұрақтарыңыз болса, Teams платформасында bsazayeva@iitu.edu.kz электронды поштасына жазыңыз.


Осы қысты ұмытылмас әрі жарқын етейік!

Description of the image
Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих