ICPC ширек финалы - IITU-да басталады!
14.11.2024

16 қараша күні студенттік командалар арасындағы әлем чемпионатының 1/4 финалы өтеді! Қазақстаннан 200-ден астам команда қатысып, IITU намысын бірден 10 команда қорғамақ!


Осы жолы IITU-да 50 команда өз біліктіліктерін көрсетіп, ТМД 1/2 финал чемпионатына жолдама алу үшін бақ сынамақ. Әр ЖОО-дан қажетті тапсырмаларды шешкен 4 командаға дейін өте алады.


IITU ширек финалды екінші жыл қатарынан өткізіп келеді және университет негізі қаланған 2009 жылдан бастап әлем чемпионатына қатысып келеді. Осы уақыт ішінде командаларымыз 8 рет әлемдік финалға шығып, ТМД-ның үздік командалары қатарынан тұрақты орын алды.


2024 жылдың қыркүйегінде өткен соңғы Әлемдік финалда IITU командасы таңғаларлық нәтиже көрсетті:
Топ 1 - Қазақстан командалары арасында (барлығы 5 команда)
Топ 3 - ТМД командалары арасында (барлығы 19 команда)
Топ 27 - Әлемдегі 141 команданың ішінен


Командаларымызға сәттілік тілейміз және жаңа жеңістерге үміттенеміз!

Description of the image
Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих