ХАТУ сарапшылары педагогтерге арналған екі конференцияға қатысты

ХАТУ-дың тіл мамандары, қауымдастырылған профессор Динара Алиева мен ассистент-профессор Оксана Бубликовамектеп мұғалімдеріне арналған тамыз конференциясында «Қазақстан Республикасының білім беру ортасына табысты бейімделу тәсілі ретінде Akelius оқыту қосымшасы көмегімен мигрант балалардың шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады».

Елордадағы конференция 2022 жылғы 23 тамызда «Binom School Тұран» платформасында онлайн режимінде өтті. Нұр-Сұлтан қаласындағы Білім беруді жаңғырту орталығы мектеп бөлімінің меңгерушісі Ақбота Есематова конференция модераторы болды. Секция жұмысы YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетілді. Жазба сілтемесі: https://youtu.be/2e_6ucuob40?t=5624.. Конференция 26 тамызда Алматыда оффлайн режимінде өтті.

сайт1609.png

сайт16091.jpg

сайт16092.jpg

Баяндама барысында Динара Асылханқызы мен Оксана Васильевна ЮНИСЕФ, Akelius және ХАТУ арасындағы бірлескен жобадағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, мұнда оқыту Akelius қосымшасы арқылы жүзеге асырылуына негізделген және ол сауаттылық деңгейін арттыруға, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайдағы балалардың цифрлық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы 9 мектепті қамтыған.

«Қазақстанға әртүрлі елдерден балалары бар отбасылар келеді. Біздің міндетіміз олардың әлеуметтенуіне көмектесу. Біз педагогтерді өз сыныптарында Akelius қосымшасын пайдалануға тартқымыз келеді. Қосымша өз сыныбында мигрант балалары бар мұғалімдерге жақсы көмекші болады, баланың орысша сөйлеп, қоғамымызға тезірек сіңісіп кетуіне түрткі болады», - деп түсіндірді Оксана Васильевна.

16093.png

Мамандар қосымшаның артықшылықтарын тізіп атап шықты. Біріншіден, оны кез келген мұғалім пайдалана алады, ол арнайы дайындықты қажет етпейді: бәрі интуитивті түрде түсінікті. Екіншіден, материалдар қолжетімділігі тегін және олар тіркеусіз ұсынылады.

«Жобаға қатысқан мұғалімдердің айтуынша, қосымша сабақта бірнеше рет қолданылады. Мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, жаңа лексиканы енгізу, яғни сөздік қорды толықтыру, материалды бекіту, сондай-ақ ойын формасы, өйткені инофон балаларға арналған орыс тілі сәл басқаша, атап айтқанда коммуникативті және белсенділікке негізделген көзқарасты білдіреді», - деді Оксана Васильевна.

16094.png

Сарапшылар өздерінің презентациясында сабақтың бір үлгісін қолдана отырып, қосымшаны көмекші құрал ретінде сабақ барысында қалай пайдалануға болатынын көрсетті. Бастапқыда мұғалім қандай сабақтар бар екенін, онда қандай лексикалық және грамматикалық тақырыптар қамтылғанын көріп, оны қалай қолдануға болатынын ойластырып алғаны дұрыс болады.

«Мұғалімдердің дәстүрлі әдістеме бойынша жұмыс істеу тәжірибесі көбірек, ал бізде орыс тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибеміз бар. Негізгі ұстаным – оқу процесі шынайы өмірлік оқиғаларға барынша бағытталған, яғни балаға ойдан шығарылған немесе шынайы мәселелерді шешуге көмектесетін «өзін таныстыру, басқа адамдармен танысу, өзі туралы айту, сауда-саттық жасау, демалыс орындарына бару, спортпен айналысу, саяхаттау» сияқты шынайы немесе ойдан құрастырылған жағдаяттар аудиторияда ойнатылады. Akelius сабақтары осы ұстанымға құрылған», - деп атап өтті Динара Асылханқызы.

16095.png

Сарапшылар орыс тілін шет тілі ретінде оқыту кезінде грамматика лексиканың қызметшісіне айналатынын еске сала кетті: оның мақсаты тілдік қарым-қатынасқа қызмет ету және коммуникативті тапсырмаларды қамтамасыз ету. Сондықтан, Akelius қосымшасында орыс тілін шет тілі ретінде үйреткенде, баланың сөйлеу қажеттілігі туындауы үшін сөздік қорына баса назар аударылады.

«Басты мақсат – баланың тілдік қабілеттерін, есте сақтауын, тілдесімді естуін, зейінін, ықтималды болжауын, баланың кейбір эмоционалдық, психикалық, шығармашылық қасиеттерін, оның қиялын дамыту. Бұған ойын компоненті көмектеседі», - деп атап өтті Оксана Васильевна.

Сарапшылар кеңестер беріп, сұрақтарға жауап бергеннен кейін, орыс тілінде грамматикалық ережелерді қолданудың дәлдігі емес, шетел тілі сабағы ретінде ауызша қарым-қатынастың өзі маңызды екеніне тағы да назар аударып, әріптестеріне сабақты осылай, яғни балалардың бір-бірімен сөйлесуіне мүмкіндік беретіндей етіп құруды ұсынды. Дегенмен, ойынға тым әуестеніп, бәрін ойынға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім өз мақсатына жетуі тиіс, ал Akelius оған қосымша ресурс ретінде көмектеседі.

Версия сайта для слабовидящих