ХАТУ сарапшылары Akelius қосымшасында В0 деңгейіне түсініктеме берді

2022 жылғы тамыз айында ХАТУ оқытушылары ЮНИСЕФ және Akelius-пен бірге Akelius қосымшасында қолжетімді және Қазақстанға келген және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған В0 деңгейіндегі сабақтарға түсініктеме берді.

Бұл курс мигрант балаларға цифрлық дағдыларды дамытуға және сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл олардың тезірек ортаға бейімделіп, араласуына мүмкіндік береді. Жоба 2021 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанның 9 пилоттық мектебінде жүзеге асырылуда. Мектептер базасында цифрлық зертханалар- кабинеттер ашылды, олар аралас форматта (офлайн + Akelius қосымшасы) сабақ өткізуге қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

Жобаны жүзеге асыру барысында ХАТУ мамандары мектеп мұғалімдеріне әдістемелік жағынан көмектеседі. Олар сабақтарға түсініктеме жасап, мектеп мұғалімдеріне кеңес береді. Қазіргі уақытта қосымшада A0, A1, A1.1, A2, B0 деңгейлері қолжетімді. Алдағы уақытта В1, В1.1 және В2 деңгейлері, сондай-ақ «мамандықтар» және «өмірлік дағдылар» бөлімдері ұсынылады.

16096.png

Қауымдастырылған профессор Динара Алиева «Времена глагола «быть» тақырыбы бойынша өткен сабақтарға берген түсініктемесінде орындалған әрекет (СВ) және процесс /орындалмаған әрекет (НСВ) категориясы да, етістіктің шақ категориясы да шет тілі ретінде оқытылатын орыс тіліндегі ең қиын тақырыптардың бірі болатынын атап өтті. Оның пікірінше, теория берілетін мәтін бұл деңгей үшін тұтасып кеткен және аса күрделі, ауыр сияқты көрінеді. Олар сызбалар мен диаграммалар арқылы берілуі тиіс, мұнда НСВ әрекеттің нәтижесі емес, процесс екендігі анық болады.

«Қосымшадағы мәтінді тіпті ана тілінде сөйлейтін адамға түсіну өте қиын, ал төменде берілген жаттығулар теорияны түсіндірмейді. Сондықтан қарапайым схема немесе суреттері бар кесте қажет. Жаттығуды орындау кезінде де суреттер қажет, мұнда біз орындалған әрекет (СВ), процесс (НСВ), нәтиже (СВ), жоспарланған әрекет (НСВ) туралы және т.б. туралы болып жатқаны түсінікті болады. Әйтпесе, фразалардың мағынасы мен етістіктерді қолдану ережелерін түсінбей, механикалық түрде орындау болып шығады», - деп ескертті Динара Асылханқызы.

16097.png

Ол сонымен қатар әзірлеушілер мен программистерге әр сабақтың соңында жаңа бөлімді енгізу идеясын ұсынды.

«Әр сабақты қателермен жұмыс жүргізу арқылы аяқтауды ұсынамын. Әр сабақтың соңында осындай бөлім қосу керек», – деді Динара Асылханқызы.

Мұндай түсініктемелер материалды ұсынуды жетілдіруге, түрлі қателерді анықтауға және сабақ сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Есептеулер бойынша, жобаның соңына қарай, яғни 2023 жылдың ақпанында қосымша арқылы 250 бала оқып шығады. Сынақтан өткен аралас оқыту форматындағы әдістеме цифрлық ортада басқа пәндерді оқытуға үлгі болады.

Версия сайта для слабовидящих