2024 жылғы 21 және 28 қыркүйекте 📚 Akelius цифрлық қосымшасын пайдалану бойынша шеберлік сабақтары Астана қаласындағы Ильяс Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясы мен Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы базасында өтті.


Осы күндері Астана мектептерінің мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақтары Akelius халықаралық жобасы аясында «Балалардың осал топтары арасында орыс тілін меңгеруді интеграциялау және миграциялық жағдайдағы, әсіресе осал топтағы балалар арасында білім беру нәтижелерін жақсарту» тақырыбында ұйымдастырылды. Бұл шеберлік сабақтары Астана әкімдігі жанындағы Әдістемелік орталықтың және ЮНИСЕФ қолдауымен өткізілді. Семинарға Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы, №75 мектеп-гимназиясы, №60 мектеп-лицейі, Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі, №62 мектеп-лицейі және Ильяс Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясының мұғалімдері қатысты.


Әдістемелік орталықтың жоба кураторы Ақбота Бақытқызының айтуынша:
«Бұл жоба Астана қаласының 6 мектебінде жүзеге асырылып, белсенді түрде қолданылып келеді. Әр мектептің орыс және ағылшын тілі мұғалімдері балаларды оқытуда Akelius бағдарламалық жасақтамасы мен планшеттерін пайдаланады. Бұл олардың сауаттылығын және тілдік құзыретін арттыруға ықпал етеді. Ерекше назар мұғалімдерді дайындауға және шеберлік сабақтарын өткізуге аударылады.»
Куратор сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда сабақтарды жоспарлауға, жеке көзқарастарды қолдануға және әр баланың жеке мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.


21 қыркүйекте Ильяс Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясының базасында Akelius жобасының сарапшысы Байбатенова Анар Серіковна шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағынан кейін қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты:
«Анар Серіковна әрдайым 100% нәтиже көрсетеді. Астанада оған тең келетін тренер жоқ, әсіресе филолог ретінде.»


28 қыркүйекте Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының базасында шеберлік сабағын Akelius жобасының сарапшысы Рахимгазина Гүлнар Мырзагалиевна өткізді. Шеберлік сабағының қатысушылары да өз әсерлерімен бөлісті:
«Семинар үшін үлкен рахмет айтқымыз келеді!»
«Семинар өз мақсатына жетті. Өте ақпараттық болды.»
«Кандастар мен оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуді жеңілдететін өте қызықты және қолжетімді әдістерді білдік.»


«75-мектеп-гимназиясының атынан өткізілген шеберлік сабағы үшін Гүлнар Мырзагалиевнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Акелиус бағдарламасына жаңадан қосылған мұғалімдер өте риза болды. Барлығы жоғары деңгейде, тыныш және достық атмосферада ұйымдастырылды.»

Жоба тренерлері әріптестерін планшеттер мен тілдік бағдарламаларды пайдалана отырып, тілдерді оқытуға үйретті. Бұл мұғалімдерге оқушыларды ана тілінің заңдылықтарымен таныстырып қана қоймай, жалпы оқу дағдыларының шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді.


Жобаның IT қолдау бойынша сарапшысы, №62 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Жандос Сайлауұлы Мырзабеков, қатысушылардың назарын бағдарламаның техникалық ерекшеліктеріне, атап айтқанда, оқушылардың орындалу барысын бақылау үшін мұғалімнің есептік жазбасын қолдану, QR кодтарды пайдалану сияқты мүмкіндіктеріне аударды.

Тренерлердің айтуынша, «Акелиус» білім беру қосымшасын оқушыларға өз білімдерін ойын форматында тексеріп, растауға көмектеседі.

вестник сентябрь 1.jpg

вестник сентябрь 2.jpg

Версия сайта для слабовидящих