2024 жылдың 17-19 қазанында Астана қаласының мектептерінде Акелиус платформасын пайдалану бойынша IT-тренинг өткізілді.


Қазан айының ортасында, ХАТУ-дың техникалық сарапшысы Алтынбек Назарбай Егизбайұлы Акелиус платформасын пайдалану бойынша арнайы тренинг өткізді, мұнда QR кодпен өту, мұғалімнің жеке кабинетінен кіру, пайдалану және басқа да ерекшеліктер қарастырылды, бұл мұғалімдерге платформаны тиімді пайдалануға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг Астана қаласының келесі мектептерінде өтті:

  • 17 қазан – № 62 мектеп-лицейі және Ильяс Есенберлин атындағы № 67 мектеп-гимназиясы;
  • 18 қазан – Мұстафа Шоқай атындағы № 51 мектеп-гимназиясы, Б. Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейі, № 75 мектеп-гимназиясы;
  • 19 қазан – № 60 мектеп-лицейі.

ХАТУ-дың техникалық эксперті Алтынбек Назарбай Егизбайұлының Астана қаласының мектептеріне жасаған сапары өте пайдалы әрі нәтижелі болды, өйткені оқу жылының басында жобаның әр мектепте кеңеюіне байланысты жаңа мұғалімдер жобаға қосылды. Мұғалімдер Акелиус платформасын пайдалану жөнінде көптеген сұрақтар қойды, мысалы, платформаны пайдалану үшін интернет қажет пе, сабақтарды планшетке қалай жүктеуге болады, «Мұғалім режимі» тіркелгісін қалай қолдануға болады және тағы басқа сұрақтар болды. Тренинг барысында Алтынбек Назарбай барлық сұрақтарға планшеттер мен платформаны сабақтарда қолданудың техникалық жақтары бойынша жауап берді.


Тренингтен кейін қатысушылар өз пікірлерін бөлісіп, ризашылықтарын білдірді:
«Құнды ақпарат пен практикалық дағдылар үшін көп рахмет!»
«Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде «Мұғалім режимі» тіркелгісін пайдалану бойынша тренинг өткізілді, Назар Егизбайұлына жақсы ақпарат пен планшетпен практикалық жұмыс үшін көп рахмет.»
«Бүгін №75 мектеп-гимназиясында өткізілген тренинг үшін Назар Егизбайұлына үлкен рахмет.»


октябрь 1.jpg

октябрь 2.jpg

Версия сайта для слабовидящих