ХАТУ-дың тіл және әдістемелік сарапшылары 23-25 қараша аралығында «Аралас оқыту модельдері: Станцияларды ротациялау» тақырыбында ZOOM онлайн-платформасы арқылы бірқатар тренингтер жоспарлап, өткізді. Тренингтерге орыс тілінде сөйлемейтін балалардың сауаттылығын арттыру жобасына қатысқан Шымкент, Астана және Алматы қалаларының мектептерінен мұғалімдер қатысты. Мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін тренинг өткізу күндері қалалар бойынша бөлінді: 23 қараша – Шымкент, 24 қараша – Астана, 25 қараша – Алматы.
Тренингтің жетекші спикерлері ф.ғ.к., ХАТУ АҚ орыс тілі бойынша тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Оксана Васильевна Бубликова және Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ағылшын тілі бойынша Student Voice сарапшысы - Суранчина Айнұр Жұманқызы сөйледі.
Бубликова Оксана атап өткендей: «Қазіргі мұғалімнің құралдарының бірі «Станцияларды ротациялау» моделі бола алады. Естеріңізге сала кетейік, «Станцияларды ротациялау» деп аталатын модель бойынша жұмыс істеу қағидасы мұғалім сыныпты бірнеше топқа бөледі және әр топқа белгілі бір тапсырма береді. Бұл жағдайда кабинет үш аймаққа бөлінуі керек: мұғаліммен жұмыс аймағы, топтық жұмыс аймағы және онлайн жұмыс аймағы. Оқушыларға станциялар арқылы өтуге мүмкіндік беретін жеке кестелер беріледі.
60 минуттық тренинг толығымен мұғалімдермен практикалық жұмысқа бағытталған. Сарапшы сызбалар түрінде боялған педагогикалық тапсырмаларды, Венн диаграммасын қолдана отырып, көпдеңгейлі сыныпқа арналған аралас оқыту форматын, сондай-ақ сабақтың логикалық құрылысын диаграмма түрінде ұсынды. Бубликова Оксананың пікірінше: «Өзекті педагогикалық міндеттерге міндетті түрде мыналар жатады: оқу мотивациясын арттыру, тіл деңгейіне байланысты оқытуды саралау, сонымен қатар оқытуды даралау ерекше рөл атқарады».
6-сыныпқа арналған Орыс тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша «Климат: ауа-райы және жыл мезгілдері» тақырыбында көпдеңгейлі сыныпқа арналған Акелиус цифрлық қосымшасын қолдана отырып, аралас форматтағы интерактивті сабақ, авторы У. А. Жанпейс және «Акелиус» қосымшасында № 32 сабақ, А2 деңгей, «Ауа райы» тақырыбы, сабақ жоспарында: маршруттық парақ, оқу нәтижелері, бағалау және үй тапсырмасы.
Жобаның үйлестірушісі, PhD, ХАТУ АҚ тілдер кафедрасының меңгерушісі Манапбаева Жаннұр жалпы 3 күндік тренинг сәтті өткенін, бірінші кезекте қатысушылардың оқыту үдерісіне қызығушылық танытқандарының, сондай-ақ белсенді болып, қызықты сұрақтар қойғандығын атап өтті.
Тренинг соңында спикер Бубликова Оксана барлық қатысушыларға бірлескен сәтті жұмыс үшін алғысын білдіріп, келесі тренингте қатысушылар РАФТ технологиясымен танысатынын атап өтті.