"Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ХАТУ" АҚ) "ХАТУ" АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі-жиналыс) күндізгі нысанда, сондай-ақ конференц-залда бейне байланыс арқылы 2025 жылдың 18 тамызында Алматы уақыты бойынша сағат 14.00-де өткізілетіні туралы хабарлайды, жиналыс өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі, 34/1, 10 қабат, күн тәртібі:
- "ХАТУ" АҚ-ның 2024 жылға аудиттелген Жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- "ХАТУ" АҚ-ның 2024 жылғы таза табысын бөлу, жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу немесе дивидендтер төлеу және "ХАТУ"АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде бір жылдағы дивиденд мөлшері туралы.
- 2024 жылы "ХАТУ" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне төленген сыйақылардың мөлшері, 2024 жылы "ХАТУ" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің құрамы бойынша ақпаратты қарау туралы.
- "ХАТУ" АҚ-ның 2024 жылғы Жылдық есебін бекіту туралы.
- "ХАТУ" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары бойынша ақпаратты қарау туралы.
- "ХАТУ"АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді және/немесе толықтыруларды бекіту туралы.
- "ХАТУ"АҚ Жарғысына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды бекіту туралы.
- 2025 жылға арналған "ХАТУ" АҚ қаржылық есептілігінің аудитін және "ХАТУ" АҚ салықтық аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
- "NNEF" Қоғамдық Қорымен (үлестес тұлға) қарыз шартына Қосымша келісім (жасауға мүдделілік бар ірі мәміле) жасасу туралы.
Жиналыстың күн тәртібі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.
Жиналысты шақырудың бастамашысы "ХАТУ" АҚ Директорлар кеңесі болып табылады (2025 жылғы 17 шілдедегі № 6 хаттама).
Жиналысқа қатысуға құқығы бар "ХАТУ" АҚ акционерлерінің тізімі 2025 жылғы 18 шілдедегі 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша (Астана қаласының уақыты бойынша) "ХАТУ" АҚ акционерлерінің Тізімінің деректері негізінде жасалды.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталуы 2025 жылғы 18 шілдеде жиналыс өткізілетін орын бойынша 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін (Алматы қаласының уақыты бойынша) өткізілетін болады.
Кворум болмаған жағдайда немесе егер жиналыс қандай да бір себептермен белгіленген уақытта өтпесе, қайта жиналыс күндізгі нысанда, сондай-ақ конференц-залда бейне байланыс арқылы 2025 жылғы 20 тамызда бірінші жиналыс өткізілетін орын бойынша 14 сағат 00 минутта (Алматы қаласының уақыты бойынша) өтеді.
Қайта жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталуы 2025 жылғы 20 тамызда жиналыс өткізілетін орын бойынша 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін (Алматы қаласының уақыты бойынша) өткізілетін болады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі, 34/1, 10 қабат мекенжайы бойынша "ХАТУ" АҚ ғимаратында жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 (он) күннен кешіктірмей, жұмыс күндері 09 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін (Алматы қаласының уақыты бойынша) танысуға болады.
"ХАТУ" АҚ акционерлерінің сұрау салуы болған кезде жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады. "ХАТУ" АҚ акционерлерінің сұрау салуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "ХАТУ" АҚ заңды мекенжайы бойынша қабылданады.
Алдағы жиналыс туралы хабарлама "ХАТУ" АҚ интернет-ресурсында "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "ХАТУ"АҚ Жарғысына сәйкес қолжетімді болады.
Жиналыс "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.
Жиналысты өткізу тәртібі:
- Жиналыс "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында көзделген тәртіппен өткізілетін болады.
- Жиналыс ашылғанға дейін "ХАТУ" АҚ келген акционерлерін (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. "ХАТУ" АҚ акционерінің өкілі оның жиналысқа қатысуға және дауыс беруге өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс.
- Күндізгі тәртіппен өткізілетін жиналысқа келген "ХАТУ" АҚ акционері (акционер өкілі) тіркелуге міндетті.
- Тіркеуден өтпеген "ХАТУ" АҚ акционері (акционер өкілі) кворумды айқындау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
- Егер "ХАТУ" АҚ Жарғысында немесе күндізгі тәртіппен өткізілетін жиналыстың шешімінде өзгеше белгіленбесе, оған шақырусыз өзге адамдар қатыса алады. Мұндай адамдардың жиналыста сөз сөйлеу құқығы "ХАТУ" АҚ Жарғысымен немесе жиналыстың шешімімен белгіленеді.
- Жиналыс кворум болған кезде жарияланған уақытта ашылады.
- "ХАТУ" АҚ-ның барлық акционерлері (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытының өзгеруіне қарсы болмайтын жағдайды қоспағанда, жиналыс бұрын жарияланған уақыттан ерте ашыла алмайды.
- Жиналыс жиналыстың төрағасы (төралқасы) мен хатшысын сайлайды.
- Жиналыс дауыс беру нысанын анықтайды - ашық немесе құпия (бюллетеньдер бойынша). Егер "ХАТУ" АҚ Жарғысында өзгеше көзделмесе, жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде "ХАТУ" АҚ-ның әрбір акционерінің бір дауысы болады, ал шешім қатысушылар санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
- Жиналысты өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
- Төрағаның күн тәртібі мәселесін талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөз сөйлеу жиналыс регламентінің бұзылуына әкеп соқтыратын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, кедергі жасауға құқығы жоқ.
- Жиналыс өз жұмысындағы үзіліс туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ жиналыстың күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді қарауды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
- Жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялануы мүмкін.
- Жиналыс хатшысы жиналыс хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Жиналысқа қатысты мәселелер бойынша "ХАТУ" АҚ акционерлері "ХАТУ" АҚ Корпоративтік хатшысы Альфия Давлетоваға хабарласа алады:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі 34/1, 10 қабат, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін (Алматы қаласының уақыты бойынша), тел: + 7 (727) 244-51-11 ішкі. 2106, e-mail: adavletova@iitu.edu.kz.