"ХАТУ" АҚ 2024-2025 оқу жылына "Компьютерлік инженерия" кафедрасы меңгерушісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.


Кафедра меңгерушісінің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және педагогикалық немесе басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, Білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаты (куәлігі) болуы тиіс.


Негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезінде лауазымға орналасу


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:


  1. Басқарма Төрағасы-ректордың атына еркін формадағы өтініш;
  2. Түйіндеме;
  3. Жеке куәлік (көшірмесі)
  4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы аттестаттың көшірмелері;
  5. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі;
  6. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаттың көшірмесі;
  7. Ұсыныс хат (қажет болған жағдайда);
  8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  9. Наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
  10. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

Құжаттарды қабылдау электрондық мекенжайға жүзеге асырылады: mmussalim@iitu.edu.kz, reception@iitu.edu.kz, skochergina@iitu.edu.kz немесе мекен-жайы: Алматы қ., Манас к-сі, 34/1, 2 қабат, 201 кабинет.

Версия сайта для слабовидящих