"ХАТУ" АҚ 2023-2024 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Құжаттарды қабылдау электрондық мекенжайға жүзеге асырылады: skochergina@iitu.edu.kz немесе мекен-жай: Алматы қ., Манас к-сі, 34/1, 2 қабат, 202 кабинет.
Профессор-оқытушылар құрамы:
- "Ақпараттық жүйелер" кафедрасы
- "Компьютерлік инженерия" кафедрасы
- "Математикалық және компьютерлік модельдеу" кафедрасы
- "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" кафедрасы
- "Киберқауіпсіздік" кафедрасы
- "Экономика және бизнес" кафедрасы
"ХАТУ" АҚ ПОҚ лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары ( ПОҚ 2023 біліктілік талаптары )
Байқау 2023 жылдың 31 тамызына дейін ашық болады.
Конкурсты өткізу форматы: аралас (күндізгі / қашықтықтан)
Сыртқы пайдаланушылар үшін: конференция форматында Zoom платформасын пайдалану
Ішкі пайдаланушылар үшін (штаттық ПОҚ): Teams платформасында
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
- Басқарма Төрағасы-ректордың атына еркін нысандағы өтініш;
- Түйіндеме;
- Жеке куәлік (көшірмесі)
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы аттестаттың көшірмелері;
- Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі;
- Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаттың көшірмесі;
- Ұсыныс хат (қажет болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
- Конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;