"Heart and Sugar Check Day"
2025 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Диабет қауымдастығымен бірлесіп, Университеттің медициналық бөлімшесінде студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін жүрек-қан тамырлары жүйесі мен қандағы қант деңгейі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында қатысушылар қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейін анықтау, электрокардиограмма (ЭКГ) түсіру және эндокринолог дәрігер Жуманова Б.М.-мен кеңес алу сияқты тегін скринингтен өтті.
Бұл бастама аурулардың алдын алуға, денсаулықты сақтауға және университет қауымдастығы арасында өзін-өзі күтудің мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.