Әскери кафедра
военка.jpg


"ХАТУ" AҚ әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің №843 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 5 желтоқсанда құрылды.


Әскери кафедраның міндеттері:

  • қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлаудың заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  • мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында студенттермен бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • студенттерді әскери-патриоттық жұмысқа тарту.


Запастағы офицерлерді әскери даярлау келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  • «Киберқауіпсіздік»;
  • «Авиацияның ұшуын авияция пунктерінен жаунгерлік басқару»
  • «Ұшқышсыз ұшу аппараттары бөлімшелерін мен бөлімдерін жауынгерлік даярлау»;
  • «Қаржылық қамтамасыз ету».

Запастағы сержанттарды әскери даярлау келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  • «Штабтық»;
  • «Аз қуатты қысқа толқынды радиостанциялар»;
  • «Жеке құраммен жұмыс».
МИССИЯ


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне берілген, моральдық жағынан орнықты, тәртіпті, қызметтік және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғары идеялық-адамгершілік қасеттері бар, сондай-ақ әскери есепке алу мамандығына сәйкес қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін қажетті білімі, іскерлігі мен дағдылары бар запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды дайындау.


ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ
ЖЕТІСТІКТЕР


2019-2023 жылдар аралығында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсынан өткен 332 студентке «запастағы лейтенант» әскери атағы берілді.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсынан өткен 138 студент «запастағы кіші сержант» әскери атағы берілді.


Мекен - жайы: Алматы қ., Абай көшесі 52 "Г", "Байзақ" БО

Анықтама телефоны: +7 (727) 2445105

Версия сайта для слабовидящих