INRO — Компьютерлік инженерия кафедрасының жанындағы студенттік ұйым, робототехника саласындағы жобаларды құру және дамытуға маманданған.


inro.png

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР

  1. Робототехника, автоматтандыру және заманауи технологиялармен интеграция салаларында инновациялық шешімдерді әзірлеу және құру.
  2. Бар құрылғыларды жетілдіруге және минималды өміршең өнімдер (MVP) жасауға бағытталған ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру.
  3. Студенттердің инженерлік дағдыларын дамытуға арналған практикалық зертханалық сабақтар, мастер-класстар және воркшоптар өткізу (3D-модельдеу, микроконтроллерлерді бағдарламалау, өндірістік жабдықтармен жұмыс).
  4. Инженерлік және ғылыми мамандықтарды насихаттауға, студенттердің зерттеу жұмыстарына қатысуына және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
  5. Басқа университеттермен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен және өндірістік ұйымдармен серіктестік орнату және дамыту — жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу мақсатында.

Ұйымның жұмысы бойынша жүйелі есеп жүргізу, жобалар мен іс-шаралардың тиімділігін талдау және жұмыс сапасын арттыру үшін оны жетілдіру.


📞 Байланыс: Ұйым жетекшісі Диас – 8 705 315 5636

Версия сайта для слабовидящих