IITU DEBATE CLUB

Құрылған күні: 2011 жылдың 6 қарашасы
IITU пікірсайыс клубы 2011 жылдың 6 қарашасында Құралай Әбілғазинаның бастамасымен құрылып, студенттік өмірді жандандырып, турнирлерде үлкен жетістіктерге жетті. Бұл — белсенді, қызықты әрі ізденімпаз адамдардың шоғырланған ұйымы. Оларды ортақ мақсат — даму, ой-өрісін кеңейту және жұмсақ дағдыларды (soft skills) жетілдіру біріктіреді.


дк1.jpg

Пікірсайыс клубы сізге не береді?
Ең алдымен, бұл клуб — шешендік және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға бағытталған студенттік ұйым. Біз түрлі деңгейдегі — қалалық, ұлттық және халықаралық турнирлер ұйымдастырып, оларға қатысамыз. Бұл турнирлерде әртүрлі университеттер, қалалар мен елдердің дебатерлері бас қосады.

Пікірсайыс сізге өз ойыңызды нақты дәлелдермен қорғауды және аудитория алдында сенімді сөйлеуді үйретеді. Бұл жерде сіз тек көпшілік алдында сөйлеу қабілетіңізді ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау дағдыларыңызды дамытасыз. Мәселелерге түрлі қырынан қарауды, әртүрлі нәтижелерді болжауды үйренесіз.

Сіз пікірсайыс — ішпыстырарлық шығар деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ шындық мүлде басқаша.
Пікірсайыс — бұл тек "күрделі және интеллектуалдық тақырыптар" ғана емес. Бұл — қарым-қатынас, пікірлестерді табу және бірге көңіл көтеру.

Біз, Пікірсайыс клубы, білім мен көңілді ұштастыра отырып, өсу мен қуанышты қатар алып жүреміз.


дк2.jpg


1_DEBATE_CLUB.width-500.jpg


Клуб қызметі жайлы толық ақпаратты әлеуметтік желілерден таба аласыз:
🔹 VK: https://vk.com/dc_iitu
🔹 Instagram: @dc_iitu
🔹 Telegram: @DC_llTU

Версия сайта для слабовидящих