GAMES IITU – International IT University-де киберспортты дамытуға бағытталған ұйым. Ұйымның басты мақсаты – университет ішінде достық ойын қауымдастығын құру.
Ұйым түрлі дисциплиналар бойынша тұрақты турнирлер өткізіп, International IT University-дің киберспорттағы бет-бейнесін танытады. Турнирлер университет қабырғасында және сыртында CS:GO, Dota 2, Valorant және FIFA ойындары бойынша өткізілді. Сонымен қатар, университет студенттері арасында "Мафия" рөлдік ойыны да жиі ұйымдастырылады.
GAMES IITU ұйымы 2021 жылдың 26 тамызында құрылды. Ұйымның негізін қалаушы – 2-курс студенті Қосалы Фариза. 2022 жылдың қаңтарынан бастап президент қызметін 2-курс студенті Райымқұлова Аружан атқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бұл қызметті 2-курс студенті Уарбек Қалжыр атқарып келеді. Қазіргі таңда ұйым құрамында 25 қатысушы бар.

INSTAGRAM: games_iitu (https://www.instagram.com/games_iitu/)
TIKTOK: games_iitu