6B06203- Мобильді телекоммуникация технологиялары


ББ мақсаты: сымсыз байланыс саласында теориялық және тәжірибелік білімі, әлемдік және отандық телекоммуникациялық қызмет көрсету нарықтарының қажеттіліктеріне жауап беретін, тиімді бәсекеге қабілетті және еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына тез бейімделе алатын тәжірибеге бағытталған мамандарды даярлау.


ББ міндеттері:

  • Сымсыз байланыс саласында тәжірибеге бағытталған мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
  • Жеке және кәсіби өсуге ұмтылу үшін жағдай жасау.
  • Студенттерде әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді талдай білу, гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық және техникалық ғылымдардың негізгі ережелері мен әдістерін кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру.
  • Сымсыз желілер қондырғыларын пайдалану, мәселелер мен оларды шешу жолдарын білу, эксперименттік зерттеулер мен өлшеу жұмыстарын жүргізу, техникалық құралдарды таңдауды және нәтижелерді өңдеуді қоса алғанда, эксперименттік зерттеулер бағдарламаларын іске асыру.
  • Сымсыз байланыс жүйелерінің жеке блоктары мен тораптарының параметрлерін жіктеу, өлшеу, бағалау, жобалау, есептеу және нәтижелерді техникалық тапсырмаға сәйкес өңдеу, зияткерлік радио жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын техникалық қолдау және сүйемелдеу.
  • Студенттердің сымсыз желілерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, мәселелер мен оларды шешу жолдарын білу, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып модельдеу арқылы эксперименттік зерттеулер мен өлшеу жұмыстарын жүргізу, алған білімдерін іс жүзінде қолдану және нәтижелерін дұрыс түсіндіре білу.
  • Әртүрлі ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолдана білу, кәсіби қызметте халықаралық стандарттарды, ережелер мен ұсыныстарды, сондай-ақ ұлттық кәсіби стандарттарды қолдану.
Версия сайта для слабовидящих