ҒЫЛЫМИ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БАСҚАРМАСЫ


Ғылыми кадрларды даярлау басқармасы «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


БАСҚАРМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


  • Университеттің барлық бағыттары мен мамандықтары бойынша PhD докторанттар мен магистранттарды қабылдау және даярлау кафедраларының басшылығымен бірлесіп ұйымдастыру және жоспарлау.
  • Мамандарды даярлаудың аталған деңгейлері мен сатылары бойынша кафедралардың ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеуі мен іске асыруын бақылауды қоса алғанда, PhD докторанттар мен магистранттарды даярлау жөніндегі кафедралардың ғылыми жұмысын үйлестіру және бақылау.

ФУНКЦИЯЛАР


- Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгiзу, магистранттар мен PhD докторанттар үшiн тәжiрибе алмасу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.

- Докторанттарға жарияланымдық белсенділік және халықаралық ғылыми деректер базаларымен жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.

- Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, магистранттар мен PhD докторанттардың инновациялық қызметін ұйымдастыру саласындағы Университет кафедраларының қызметін үйлестіру, ғылыми зерттеулердің көлемі мен тиімділігін арттыру.

- Зияткерлік меншік құқығын одан әрі ресімдеу және өндіріске енгізу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үрдісінде пайдалану және ізденушілердің ғылыми әзірлемелерін Университеттің тиісті басқармаларына беру жолымен білім, ғылым және өндірісті интеграциялау.

- Басқа жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми бөлімшелерімен жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.


Версия сайта для слабовидящих