Ғылыми-зерттеу қызметі департаменті «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ғылыми-зерттеу қызметі департаменті университет ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, басқа да министрліктер мен ведомстволардың ғылыми бағдарламалары мен гранттық конкурстарына қатысуын үйлестіреді, сондай-ақ өтінім берушілерге конкурс құжаттамасын рәсімдеу бойынша тұрақты кеңес береді.
Ғылыми конкурстарға қатысуды жалпы ұйымдастырудан бөлек, департамент келесі міндеттерді орындайды:
- жеке ғылыми жобалардың құжаттамасын үйлестіру және сүйемелдеу: Тапсырыс берушімен алдын ала келіссөздер жүргізуден бастап, техникалық сипаттаманы және жұмыс кестесін келісуді қамти отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) орындау туралы шарт жасасуға дейінгі процестерді жүргізу ;
- жобалардың ғылыми жетекшілері және университеттің қаржы құрылымдарымен бірлесіп бюджеттік өтінімдерді дайындауға қатысу ;
- орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептік құжаттарды дайындау және тапсыру ;
- ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалу барысы мен нәтижелілігін мониторингтеу .