Akelius қорының үйлестірушісі Филипп Тесто-Ферри Қазақстанға келді
2022 жылғы 5-14 сәуірде Шведтік Akelius қорының үйлестірушісі Филипп Тесто-Ферри Қазақстанға ЮНИСЕФ және ХАТУ-мен орыс тілін білмейтін балалардың сауаттылық деңгейін арттыру бойынша бірлескен жобаның жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында келді.
Филипп Тестот-Ферри өзінің сапары аясында үш қалада болды, олар: Нұр-Сұлтан (4-7 сәуір), Шымкент (7-10 сәуір) және Алматы (10-15 сәуір). Елордада үйлестіруші ЮНИСЕФ командасымен және Білімді жаңғырту орталығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында бастаманы жүзеге асыру, цифрлық зертханалардың жұмысы, мұғалімдерге арналған тренингтер, сондай-ақ ұлттық серіктестерге арналған этикалық тренингке дайындық барысы талқыланды. Сонымен қатар, Филипп Тестот-Ферри пилоттық мектептерде, атап айтқанда: № 67 гимназияда және № 53 лицейде болды. Сапардың мақсаты - Akelius платформасының сабақта қалай қолданылатынын көру және мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен жобаның тұрақтылығы бойынша жеке кездесіп ой-пікір бөлісу болды.
Одан кейін Филипп Тестот-Ферри Шымкентке барып, қалалық білім басқармасының өкілдерімен және «Сана Сезім» қоғамдық ұйымының мүшелерімен кездесті. Осы сапары арқылы олардың бағдарламаға деген көзқарасын біліп, кері байланыс орнатып, жобаны қаланың басқа мектептеріне енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Шымкентте Филипп Тестот-Ферри «Akelius» платформасы арқылы Ауғанстан мен Қырғызстаннан келген балалар оқитын мектептерде де болды. Мұғалімдер сабақты қалай өткізетінін, құрал-жабдықтарды қалай қолданатынын, оқушылардың білімін қалай бағалайтынын көрсетіп, айтып берді.
Сапардың соңғы кезеңінде Филипп Тестот-Ферри Алматыға келді, ол ХАТУ ректоры Асқар Хикметовпен және жоба тобымен, сондай-ақ «Родник» ҮЕҰ мүшелерімен кездесті. Алматыдағы №152 және №186 пилоттық мектептерде және Алматы қаласы Білім басқармасының «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» болды.
Швеция мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 7 сәуірде орнатылғанын және үстіміздегі жылы бұл қарым-қатынасқа 30 жыл толғанын айта кету керек.
2017 жылдан бастап Қазақстандағы ЮНИСЕФ көші-қон мәселелерінен зардап шеккен балаларды қорғау үшін ЮНИСЕФ-ЕО бағдарламасын жүзеге асыруда. Қазақстандағы ЮНИСЕФ пен «Akelius» қоры арасындағы серіктестік, мектептегілердің пікірінше, сауаттылық дағдылары бойынша артта қалғандар үшін, әсіресе көші-қоннан зардап шеккен немесе COVID-19 пандемиясы кезінде және одан кейін қақтығыс аймақтарынан келген балаларға сауаттылық дағдыларын дамытуға және цифрлық тілді үйренуге қол жеткізу арқылы өмір бойы үздіксіз білім алуына қолдау көрсетуге бағытталған.